Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 770. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 264 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6. Кәсiпорынды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын"; 
      үшiншi абзацтың 10-тармағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      аталған қаулының 1-қосымшасында:
      "Пірәлиев Серік Жайлауұлы" деген жолдағы "жауапты" деген сөз алынып тасталсын;
      аталған қаулының 2-қосымшасында:
      3-тармақ "Комиссияның құрамын" деген сөздерден кейiн "жыл сайын" сөзiмен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Комиссияның өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоғары оқу орындарына кезектi оқу жылына студенттердi қабылдаудың аяқталған қорытындылары туралы есептi ұсынғаннан кейін тәмамдалады.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.  

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады