Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Мемлекеттiк шекара күзетi күштерiнiң мемлекеттiк материалдық резервтен жанар-жағармай материалдарын қарыз алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 17 маусым N 782

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Мемлекеттiк шекара күзетi күштерiнiң әскери бөлiмдерiн жанар-жағармай материалдарымен уақытылы қамтамасыз етудiң қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi қарыз алу тәртiбiмен мемлекеттiк материалдық резервтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi күштерiне 500 тонна автомобиль бензинiн, 500 тонна дизельдiк отын босатсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi күштерi 1999 жылдығы 15 қыркүйегіне дейiн мерзiмде жанар-жағармай материалдарының көрсетiлген көлемдерiн мемлекеттiк материалдық резервке қайтаруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген

 

тәртiппен мемлекеттiк материалдық резервке кейiн қайтару мақсатында

жанар-жағармай материалдарын сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi күштерiн қаржыландыруды

қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады