Сумен жабдықтау, дренаж және канализация жүйелерін жақсарту арқылы Атырау қаласын экономикалық дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму
Банкінің арасында Заем туралы келісім (Атырау қаласын сумен жабдықтау
және санитариясының пилоттық жобасы) жасасу туралы" Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру
және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Атырау қаласын
сумен жабдықтау және санитариясының пилоттық жобасы)
жасасу туралы
Сумен жабдықтау, дренаж және канализация жүйелерін жақсарту арқылы Атырау қаласын экономикалық дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Атырау қаласын сумен жабдықтау және санитариясының пилоттық жобасы) жасалсын.
2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Болат Қабділхамитұлы Нұрғалиевке Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Атырау қаласын сумен жабдықтау және санитариясының пилоттық жобасы) жасасуға уәкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы
елшісі Болат Қабділхамитұлы Нұрғалиевтің Өкілеттік сертификатын ресімдесін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.