Антуан Биденің адвокаттық қызметіне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 801

      МТР Металз, Табани компанияларының талап-арыздары бойынша Париж Сауда Сотының шешіміне Париж қаласының Аппеляциялық Сотында және МеталзРуссия компаниясының талап-арызы бойынша Париж қаласының Сауда Сотында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен адвокат Антуан Биденің арасында 1997 жылғы 6 қазанда жасалған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған резервінен Антуан Биденің шығыстары мен гонорарларын төлеуге 30 000 (отыз мың) АҚШ долларына баламды мөлшерінде сома бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген

 

тәртіппен осы қаулының 1-тармағының негізінде бөлінетін қаржының

пайдаланылуы жөнінде есеп беруді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады