Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 маусым N 878. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі  N 931  қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  және "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:<*> 
       ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен
      1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аудиттің стандарттарын және аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      аталған қаулыға 1-қосымшадағы реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қазақстан Республикасының                Аудиторлық қызмет
     Қаржы министрлігі                        (банктік қызметтің
                                              аудитінен басқа)"

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Аудиторлық қызметті лицензиялау туралы ереже мен біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 ақпандағы N 274  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 9,65-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1026  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 259-құжат);
      5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
1999 жылғы 29 маусымдағы  
N 878 қаулысымен     
бекітілген       

             Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі 

                        Жалпы ережелер 

       1. Осы Тәртіп лицензия берудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға ұсынылатын біліктілік талаптарын белгілейді. 
      2. Осы Тәртіп банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауға қолданылмайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 
қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 
қаулысымен .   
      3. Осы Тәртіпте белгіленген аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрі - Лицензиат) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Лицензиар) береді. 
      4. Шетелдік аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензия, тиісті аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылуы шартымен, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына сияқты негіздерде беріледі. 
      5. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізгісі болып табылады және Лицензиатқа Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда мерзімі шектелместен беріледі. 
      6. Лицензия бланкілерінің ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейінде қорғау дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмірі болады және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Лицензияның бланкілерін сатып алуды, есебін жүргізуді және сақтауды Лицензиар жүзеге асырады. 
      7. Лицензияға уәкілетті тұлға қол қояды және Лицензиардың мөрімен расталады. Лицензияны басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге тыйым салынады. 
      8. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі. Лицензия жоғалған жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар он күн ішінде Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте Лицензиат қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 
қаулысымен .    
      9. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған, жеке тұлға кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан лицензия қайтарып алынған кезде берілген лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады және қайтаруға жатады.<*> 
      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға хабарлауға міндетті.<*> 
      Лицензиат тиісті жазбаша өтінішті берген күнінен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.<*>
      Лицензия қайта ресімделген және көрсетілген құжат берілген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді.<*>
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен
      10. Лицензиаттар мен оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді Лицензиар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арнайы тізілімінде көрсетеді.
      11. Лицензияны беру, қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және жаңарту туралы мәліметті Лицензиар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      12. <*>
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .
      13. Лицензиардың лауазымды тұлғалары, Лицензиат осы Тәртіпті және лицензиялық қызметтің белгіленген тәртібін бұзғаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      14. Лицензиат Лицензиардың лицензияны беруден бас тарту, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімдері мен іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

  Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі 

      15. Лицензия алу үшін Лицензиарға мынадай құжаттар:
     1) аудитор:
     Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
     қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
     аудитордың біліктілік куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесі; <*>
     еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi; <*> 
     2) аудиторлық ұйым (осы тармақтың 1-тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, жоғарыда санамаланғандарға қосымша):
     заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі және статистикалық карточкасы;<*> 
      құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелері; 
      аудиторлық ұйымның басшысы мен аттестацияланған аудиторлар туралы мәліметтер (біліктілік куәліктерінің нотариалдық расталған көшірмелерін қоса алғанда, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып) ұсынылады. 
      Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжаттарды Лицензиар тіркейді. 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 
қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 
қаулысымен .  
      16. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады. 
      Лицензиардың ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылауға құқығы бар. 
      17. Лицензиар лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішпен бірге ұсынылған материалдарды олардың толықтығы мен дұрыстығын, Лицензиаттың берілген біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалай отырып қарайды. 
      18. Лицензиатқа мынадай негіздер: 
      1) субъектілердің осы санаты үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынуы; 
      2) осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады; 
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі; 
      4) өтініш берушінің осы Тәртіпте белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермеуі; 
      5) өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын шешімі бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 
      19. Лицензия барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш алынған күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Лицензиар лицензияны беруден бас тарту туралы хабарламаны бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда лицензия беруге арналған мерзімдерде ұсынады. 
      20. Лицензиар тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. 
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді. 
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. 
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ерекше жағдайларда, көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын міндетті түрде ұсына отырып, соттың шешімінсіз 3 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға жол беріледі. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесім соттың шешімі шыққанға дейін қолданылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505  қаулысымен
      21. Лицензиар тоқтата тұру, қайта жаңарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде ол туралы Лицензиатқа және салық қызметі органына жазбаша нысанда хабарлайды.
     Лицензияның қолданылуы Лицензиат аталған хабарламаны алған күннен бастап тоқтатылады, қайта жаңартылады.
     Ол бойынша Лицензияның қолданылуы тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қайта жаңартылады.
     22. Лицензия:
     1) Сот Лицензиатқа аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салған;
     2) Ол бойынша Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған;
     3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған; <*>
     4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен Лицензиаттан қайтарылып алынуы мүмкін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 
қаулысымен .  
     23. <*>
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .
      23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
     1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру;
     2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау;
     3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау;
     4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару;
     5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою.  
      ЕСКЕРТУ. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .    

                   Аудиторлық қызметті лицензиялауға
                         біліктілік  талаптары 

       24. Аудитор мен аудиторлық ұйымның басшысы аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай талаптарға жауап беруі: 
      1)<*> 
      2) экономика, қаржы, есептік-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған кезде, ғылыми-оқытушылық қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы; <*> 
      3) Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторларын аттестациялау жөніндегі Біліктілік комиссиясы берген біліктілік куәлігі болуы тиіс.
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505 
қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.01.19. N 51 
қаулысымен
     25. Лицензия алу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
     1) аудиторлық ұйымдағы аудиторлардың саны осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн кемінде екі адамды құрауы тиіс; <*>
     2) аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 пайызды құрауы тиіс;
     3) аудиторлық ұйымның басшысында міндетті түрде Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі болуы тиіс.<*>
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.10.19. N 1570   қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958 
қаулысымен .

       Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау 

       ЕСКЕРТУ. Жаңа бөліммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .  

       25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
      25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi.
      Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi.
      Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады.
      Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
      Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді.

                   Тараптардың жауапкершілігі<*> 

      26. Бюджетке төленген алым сомасының дұрыстығы, толықтығы және уақытылығы үшін жауапкершілік Лицензиатқа жүктеледі. 
     27. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормаларды және ережелерді бұза отырып, аудиторлық қызметпен айналысу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа бөліммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.18. N 505   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 14 қыркүйектегi 
N 958 қаулысына 1-қосымша 

Аудиторлық қызметтi    
лицензиялау тәртiбiне   
1-қосымша          

       ЕСКЕРТУ. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .  

Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi

200__ жыл үшiн

Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________
__________________________________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
__________________________________________________________________
(Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi)
__________________________________________________________________
  (Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру
__________________________________________________________________
 немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген
__________________________________________________________________
  салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу
__________________________________________________________________
        орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша
__________________________________________________________________
                 ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы)
Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________
__________________________________________________________________
        (жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)
Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес
__________________________________________________________________
    Аудитордың немесе аудиторлық   |   Жарғылық капиталдағы үлес
ұйымның атауы және орналасқан жерi |           мөлшерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Eceпті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы
__________________________________________________________________
Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер| Қызмет түрлерінің өзгеруі
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
  Иә (қандай өзгерiстер   |Жоқ|  Иә (қандай өзгерiстер   |Жоқ
және енгiзу күнiн көрсету)|   |және енгiзу күнiн көрсету)|
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Ұйымның сандық құрамы:
__________________________________________________________________
  Қызметкерлердiң жалпы саны  | Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар
__________________________________________________________________
Есептi кезеңде|Өткен жыл үшiн | Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн
__________________________________________________________________

Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар:
__________________________________________________________________
Аты-жөнi| Лицензияның |Аудитордың | Eceпті кезеңде ауди. |Уәкiлетті
        | нөмiрi және |бiлiктiлiк | торлық ұйымның құра. |органға
        |берiлген күнi|куәлiгінiң | мында өзгерiстердiң  |өзгерiс.
        |             |нөмiрi және|         болуы        |тер тура.
        |             | берiлген  |______________________|лы мәлi.
        |             |   күні    | Иә (қандай өзге. |Жоқ|меттер
        |             |           |рiстер және енгізу|   |беру
        |             |           |  күнiн көрсету)  |   |күнi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Басшы ____________      _____________________
         Қолы               (аты-жөнi)

                                                             M.O.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 14 қыркүйектегi 
N 958 қаулысына 2-қосымша 

Аудиторлық қызметтi    
лицензиялау тәртiбiне   
2-қосымша          

       ЕСКЕРТУ. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2004.09.14. N 958  қаулысымен .  

Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi

200__жыл үшiн

І. Жалпы мәлiметтер

Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________
Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________
"аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________
Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi,
сериясы, берiлген күнi ___________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны
үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________
                (жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде қатысуы:
__________________________________________________________________
    Аудиторлық ұйымның атауы   |   Аудиторлық ұйымның жарғылық
       және орналасқан жерi    |    капиталындағы үлес мөлшерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жұмыс орны _______________________________________________________
                        (лауазымы, ұйымның атауы)
__________________________________________________________________

Аудитор ___________________         _________________________
             Қолы                            (аты-жөнi)

                                                           M.O.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады