Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiнде:
2-тармақта "банктік және сақтандыру қызметінiң" деген сөздер "банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақтың 1) тармақшасында:
төртiншi абзацта мемлекеттiк тiлдeгі мәтiнiнде "куәлiгi мен еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң)" деген сөздер "куәлiгiнiң" деген сөзбен "ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"еңбек кiтапшасының (еңбек келiсiмiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi;";
22-тармақ 2) тармақшадағы "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған;
4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген";
23-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру;
2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау;
3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау;
4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару;
5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою.";
25-тармақтың 1) тармақшасы "саны" деген сөзден кейiн "осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау" деген бөлiммен толықтырылсын:
"Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау
25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi.
Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi.
Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады.
Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді.";
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Тәртiпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
N 958 қаулысына 1-қосымша
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртiбiне
1-қосымша
Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi
200__ жыл үшiн
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________
__________________________________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
__________________________________________________________________
(Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi)
__________________________________________________________________
(Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру
__________________________________________________________________
немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген
__________________________________________________________________
салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу
__________________________________________________________________
орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша
__________________________________________________________________
ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы)
Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________
__________________________________________________________________
(жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)
Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес
__________________________________________________________________
Аудитордың немесе аудиторлық | Жарғылық капиталдағы үлес
ұйымның атауы және орналасқан жерi | мөлшерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Eceпті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы
__________________________________________________________________
Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер| Қызмет түрлерінің өзгеруі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Иә (қандай өзгерiстер |Жоқ| Иә (қандай өзгерiстер |Жоқ
және енгiзу күнiн көрсету)| |және енгiзу күнiн көрсету)|
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ұйымның сандық құрамы:
__________________________________________________________________
Қызметкерлердiң жалпы саны | Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар
__________________________________________________________________
Есептi кезеңде|Өткен жыл үшiн | Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн
__________________________________________________________________
Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар:
__________________________________________________________________
Аты-жөнi| Лицензияның |Аудитордың | Eceпті кезеңде ауди. |Уәкiлетті
| нөмiрi және |бiлiктiлiк | торлық ұйымның құра. |органға
|берiлген күнi|куәлiгінiң | мында өзгерiстердiң |өзгерiс.
| |нөмiрi және| болуы |тер тура.
| | берiлген |______________________|лы мәлi.
| | күні | Иә (қандай өзге. |Жоқ|меттер
| | |рiстер және енгізу| |беру
| | | күнiн көрсету) | |күнi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Басшы ____________ _____________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
N 958 қаулысына 2-қосымша
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртiбiне
2-қосымша
Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерi
200__жыл үшiн
І. Жалпы мәлiметтер
Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________
Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________
"аудитор" бiлiктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________
Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi,
сериясы, берiлген күнi ___________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны
үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________
(жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде қатысуы:
__________________________________________________________________
Аудиторлық ұйымның атауы | Аудиторлық ұйымның жарғылық
және орналасқан жерi | капиталындағы үлес мөлшерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс орны _______________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
Аудитор ___________________ _________________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.