Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 маусым N 879

      Юниверсал Саплай Компанидің Қазақстан Республикасына талап-арызы бойынша қозғалған N 039/1997 іс бойынша және Айзенберг Экспорт Компани, Лтд мен Эйша Хаус, Лтд-нің Қазақстан Республикасына талап-арызы бойынша қозғалған N 038-1997 іс бойынша, Стокгольм қаласындағы Сауда палатасының Төрелік институтында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін және қорғайтын "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р."

;халықаралық заң фирмасының шығыстарын төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе,

;L.L.Р." халықаралық заң фирмасының қызметі ақы төлеуге 411228,98 (төрт жүз он бір мың екі жүз жиырма сегіз доллар 98 цент) АҚШ долларына баламды

 

сомада қаражат бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген

қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады