Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасы Үкіметінің арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілік құралдар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 895

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1998 жылғы 9 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасы Үкіметінің арасындағы

Ұйымдасқан қылмысқа, есірткілік құралдар мен психотроптық заттардың заңсыз

айналымына, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы

күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                      Қазақстан Республикасының Үкіметі

                                     мен

                         Чех Республикасының Үкіметі

                                 арасындағы


               Ұйымдасқан қылмыс, есірткілер мен психотроптық

            заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және қылмыстың

         басқа да қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтастық туралы

                                 Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 5, 49-құжат)

    (1999 жылғы 19 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет)


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі

бұдан әрі  Келісуші Жақтар деп аталына отырып,


 
       ұйымдасқан қылмыспен, есірткілер мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен, қарақшылықпен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күрес жүргізудегі ынтымақтастықтың принципті маңыздылығына көз жеткізе отырып,
      бүкіл дүние жүзінде есірткілер мен психотроптық заттарды заңсыз

 

пайдаланудың, олармен дүниежүзілік көлемде халықаралық заңсыз сауда

жасаудың өрістеуіне алаңдаушылық білдіре отырып,

     қарақшылықпен күрес жүргізудегі өздерінің күш-жігерлерін біріктіру

мақсатында,        

     халықаралық міндеттемелер мен мемлекет ішіндегі заңдарды жетекшілікке

ала отырып,      

     төмендегідей келісімге келді:


                             1 бап



 
       (1) Келісуші Жақтар мемлекет ішіндегі заңдарына сәйкес қылмыстардың алдын алу, анықтау және тексеруде, ең алдымен мынадай салалар бойынша ынтымақтастық жасайды:
      1.1. халықаралық ұйымдасқан қылмыс,
      1.2. қарақшылық,
      1.3. есірткілер мен психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз өсіру, өндіру, алу, сақтау, тарату, енгізу, шығару және транзиттік тасымалдау,
      1.4. қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен қопарылғыш заттардың, химиялық, биологиялық, радиоактивті және ядролық материалдардың заңсыз сатып алынуы, сақталынуы және заңсыз айналымы, стратегиялық мақсаттағы товарлар мен технологиялардың және әскери техниканың заңсыз айналымы,
      1.5. адамдармен сауда жасау және адам ағзалары мен тканьдерімен заңсыз сауда жасау,
      1.6. жезөкшелікпен байланысты заңсыз іс-әрекеттер,
      1.7. ақша белгілерін, почта маркілері мен бағалы қағаздарды, несиелік

 

төлем қағаздары және басқа да ресми құжаттарды қолдан жасау мен түрін

өзгерту және олардың заңсыз айналымы,

     1.8. заңсыз қаржы операциялары, экономикалық қылмыстар және қылмыстық

жолмен алынған табысты заңдастыру,

     1.9. лауазымдық жағдайына байланысты мемлекеттік қызметкерлердің

жасаған қылмыстары, 

     1.10. жеке адамның өміріне, денсаулығына, бас бостандығы мен

ар-ожданына қарсы қылмыстар, сондай-ақ меншікке қарсы қылмыстар,

     1.11. объектісі мәдени және тарихи құндылықтар, бағалы тастар мен

металлдар және айтарлықтай құнды заттар болып табылатын қылмыстар,

     1.12. Келісуші Жақтар аумағына адамдардың заңсыз келуі, кетуі және

болуы,

     1.13. автокөлік құралдары мен жүктердің заңсыз орын ауыстырылуы.

     (2) Келісуші Жақтар өзара келісім негізінде ынтымақтастықты басқа да

қылмыс түрлеріне қолдана алады.


                             2 бап



 
       Келісуші Жақтар қылмыстық іс-әрекеттерді анықтауда, оның алдын алуда, тексеруде және жолын кесуде, атап айтқанда ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес саласында, өз мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ынтымақтастық жасайды.
      Осы мақсаттарда олар:
      1. қылмыстың істелінуіне күдікті немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге, ең алдымен ұйымдасқан қылмыстарға қатысы бар адамдар, қылмыскерлердің байланыстары туралы мәліметтер, қылмыстық топтардың құрылғандығы және олардың құрылымы, жекелеген қылмыскерлер мен топтарға тән мінез-құлықтар туралы мәліметтер, қылмыстың істелінген уақыты, жері және істеліну тәсілі, қол сұғылған объектілер, қылмыстық заң актілерінің нормалары бұзылуының ерекше жағдайлары туралы және қылмыстың алдын алу, анықтау және тергеу мақсатында қабылданған шаралар жөнінде бір-бірімен мәліметтер алмасады,
      2. сұранымдар бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды,
      3. қылмыстың істелінуіне күдікті адамдарды, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге көмек көрсетеді,
      4. хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруді және адамдар мен белгісіз адам өліктерін идентификациялауда ынтымақтастық жасайды,
      5. ұрланған заттар мен қылмыстық іс-әрекетке қатысы бар басқа да заттарды, соның ішінде автокөлік құралдарын іздестіруде ынтымақтастық танытады,
      6. осы Келісімге сәйкес қылмыстық істердің алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде және тексеруде бір-біріне жәрдем көрсетеді,
      7. осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шегінен тыс жасалынған қылмыстардың әдістері және жаңа түрлері туралы мәліметтер алмасады,
      8. криминалистік және криминалогиялық зерттеудің нәтижелері туралы мәліметтер алмасады, тергеу жүргізу тәжірибесі, жұмыс әдістері мен құралдары туралы өзара хабарламалар жасайды,
      9. сұратулар бойынша бір-біріне қылмыс жасауда қолданылатын немесе қылмыс істеу нәтижесінде алынған заттар туралы мәліметтер, немесе ондай заттардың үлгілерін береді,
      10. ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күрес жүргізу мүдделеріне орай мамандар алмасады,
      11. қажет болған жағдайларда, бірлескен іс-шаралар дайындап оны өткізу мақсатында алдын-ала тергеуде жүрген нақтылы қылмыстық істер бойынша жұмыс кездесулерін өткізеді,
      12. ұйымдасқан қылмыстар бойынша талдаулық және концепциялық материалдар алмасады.
 
                              3 бап
 
      Есірткілерді, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз есіруге, өндіруге, алуға, сақтауға, таратуға, енгізуге, шығаруға және транзиттік тасымалдауға қарсы күрес жүргізу мақсатында, Келісуші Жақтар өз мемлекеттерінің ішкі заңдары шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:
      1. есірткілер мен психотроптық заттар және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қатысы бар адамдар туралы, оларды жасыру орындары, тасымалдау әдістері мен жұмыс тәсілдері жайында, есірткілердің, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының шыққан жері туралы мәліметтер алмасады.
      2. есірткілердің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша өзара іс-шараларды жүзеге асырады,
      3. есірткілер мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымына бақылау жасау саласындағы жұмыс тәжірибелерімен алмасады,
      4. бір-біріне есірткілер мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың үлгілерін береді,
      5. есірткілер мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты талдаулық және концепциялық материалдар алмасады.
 
                              4 бап
 
      Келісуші Жақтар қарақшылық актілерімен күрес жүргізуде өз мемлекеттерінің ішкі заңдары шеңберінде жаңа осы келісімнің ережелері негізінде мыналары жүзеге асырады:
      1. жоспарланған немесе жасалынған қарақшылық актілер, оған қатысы бар адамдар туралы, оларды жүзеге асыру формалары мен әдістері туралы мәліметтер алмасады,
      2. мүшелері келесі Келісуші Жақ аумағында қылмыс жасауды жоспарлаған, жасап жүрген немесе жасаған қарақшылық топтар туралы мәліметтер алмасады,
      3. қарақшылық мәселелеріне байланысты талдаулық және концепциялық материалдар алмасады.
 
                              5 бап
 
      Келісуші Жақтардың ынтымақтастығы шегінде, нақтылы адамға байланысты бір-біріне беретін мәліметтердің қорғалуы мақсатында, қолданылып жүрген ішкі мемлекет заңдарына сәйкес мынадай шарттар сақталынуы тиіс:
      1. сұрау салушы Келісуші Жақ ол мәліметтерді сұрау салынушы Келісуші Жақ белгілейтін мақсаттар мен жағдайларда ғана қолдана алады,
      2. сұрату болған жағдайларда сұрау салушы Келісуші Жақ, сұрау салынушы Келісуші Жаққа ол берілген мәліметтердің пайдаланылғандығы және одан алынған нәтижелер туралы хабарлайды,
      3. мәліметтер осы Келісімнің 8 бабында көрсетілген құзырлы органдарға ғана беріледі. Мәліметтерді басқа органдарға беру сұрау салынушы Келісуші Жақтың құзырлы органдарының жазбаша келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады,
      4. сұрау салынған Келісуші Жақ берілген мәліметтердің растығын қамтамасыз етуге міндетті және бұл ретте сұрау салушы Келісуші Жақтың мемлекет ішіндегі заңдарының талаптары ескерілуі керек. Егер күмәнді немесе толық емес мәліметтер берілген жағдайларда, сұрау салынушы Тарап оларды дереу түзетеді немесе қосымша мәліметтер береді,
      5. ол туралы мәліметтер берілген адамға оның өтініші бойынша, Келісуші Жақтардың мемлекет ішіндегі заңдарының шегінде оған байланысты берілген мәліметтер туралы анықтама берілуі мүмкін,
      6. сұрау салынушы Келісуші Жақ мәліметтерді жіберу кезінде сұрау салушы Келісуші Жаққа өз мемлекетінің ішкі заңдарына сәйкес олардың жойылу мерзімін көрсетеді. Адамдар туралы алынған мәліметтер қажет мақсатқа пайдаланылып болған соң, мерзіміне қарамастан жойылуы керек. Мәліметтерді беруші Келісуші Жақ оның жойылғандығы туралы себептері көрсетіле отырып хабарлануы тиіс. Осы Келісімнің мерзімі біткен жағдайда осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық барысында алынған барлық мәліметтер жойылуы тиіс.
      7. Келісуші Жақтар мәліметтердің берілгендігін, қабылданғандығын және жойылғандығын тіркеп отыруға міндетті.
      8. Келісуші Жақтар берілген мәліметтердің бөгде адамдардың рұқсатсыз көруінен, олардың өзгертілуі мен жария болуынан сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
 
                              6 бап
 
      (1) Сұрау салушы Келісуші Жақ сұрау салынушы Келісуші Жақ берген мәліметтердің, материалдар мен техникалық құралдардың, егер ол мәліметтер, материалдар мен техникалық құралдар сұрау салынушы Келісуші Жақтың ішкі заңдары бойынша құпия деп танылса, олардың құпиялығын қамтамасыз етеді.
      (2) Мәліметтерді, материалды немесе техникалық құралдарды үшінші жаққа беру, сұрау салынушы Келісуші Жақтың жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырыла алады.
 
                              7 бап
 
      (1) Сұрау салынушы Келісуші Жақ сұрау салуды орындау сұрау салынушы Келісуші Жақтың мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне және басқа да маңызды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса, немесе олардың мемлекетінің ішкі заңдары мен Келісуші Жақтардың байланысы бар халықаралық

 

келісімдерге қайшы келсе, сұратуды орындаудан толығымен немесе жартылай

бас тартуы мүмкін. 

     (2) Сұратуды орындаудан толығымен бас тартқан жағдайда немесе оны

жартылай орындаған жағдайда Келісуші Жақтар оның себептері көрсетіле

отырып, жазбаша түрде хабарлануы тиіс.


                             8 бап


     (1) Осы Келісімді орындау мақсатында құзырлы органдар мыналар болып

табылады:

     Қазақстан Республикасы жағынан:

     Ішкі істер министрлігі

     Ұлттық қауіпсіздік комитеті

     Бас Прокуратура

     Қаржы министрлігі

     Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі


     Чех Республикасы жағынан:

     Ішкі істер министрлігі

     Қаржы министрлігі

     Денсаулық сақтау министрлігі


     (2) Келісуші Жақтардың сәйкес құзырлы органдары арасындағы ақпараттар

алмасу, егер нақтылы жағдайларда басқаша келісімдер болмаса, ағылшын және

орыс тілдерінде жүзеге асырылады.


                             9 бап


     Келісуші Жақтар осы Келісім негізінде ынтымақтастықты жүзеге асыру

мақсатында атқару хаттамаларын жасауы мүмкін.


                             10 бап



 
       Осы Келісімнің ережелері Келісуші Жақтардың басқа да екі жақты немесе көп жақты халықаралық шарттардың келіп шығатын міндеттемелерін қозғамайды.
 
                              11 бап
 
      (1) Осы Келісім Келісуші Жақтардың ішкі заңдарына сәйкес бекітілуі тиіс және, мемлекет ішіндегі қажетті құқықтық шарттардың орындалғаны туралы дипломатиялық ноталар алмасқан күннен бастап 30 күн өткеннен соң күшіне енеді.

 

     (2) Осы Келісім Келісуші Жақтардың өзара келісімімен өзгертілуі

немесе толықтырылуы мүмкін.

     (3) Осы Келісім шектеусіз мерзімге жасалынады. Әрбір Келісуші Жақ осы

Келісімді жазбаша түрде денонсациялай алады. Келісімді денонсациялау

туралы хабарлама алынған күннен бастап алты ай өткеннен соң осы Келісімнің

күші тоқтатылады.     


    1998 жылдың 9  сәуірде Алматы қаласында екі түпнұсқалық данада,

әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде жасалынды. Түсіну кезінде

келіспеушіліктер туылған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізгі болып

саналады.


     Қазақстан Республикасының                      Чех Республикасының

     Үкіметі үшін                                   Үкіметі үшін

     Мамандар:

       Қобдалиева Н.

       Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады