Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 908. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.20. N 565 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Шаруашылық серiктестерiнде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсін: 
     1-тармақта:
     1) 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамын 
айқындау және оның мүшелерінің өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;";
     2) мынадай мазмұндағы  1- 1) тармақшамен толықтырылсын:
     "1-1) заңдардың талаптарын ескере отырып акционерлiк қоғамдардың бiрінші басшыларын (басқармаларының төрағаларын) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

  Мамандар: Орынбекова Д.К., Кобдалиева Н.М.      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады