Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ Жарлығының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілген және Қытай тарабымен күні бұрын пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасына жеңілдікті несие беруі туралы шеңберлі келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің
қатысуымен Қытай тарабымен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа
қол жеткізілуі бойынша бұл ретте Келісімнің жобасына принциптік сипаты
жоқ өзгерістер енгізуге жол беріп Қазақстан Республикасы Үкіметінің
атынан Шеңберлік Келісім жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.