Жергілікті қаржы органдары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 шілде N 934

      Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін одан әрі реттей және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 1999 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мерзімде жергілікті атқарушы органдардың құрылымында жергілікті бюджеттерді қалыптастыруды және атқаруды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті қаржы органдарын құру ұсынылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кейін жергілікті атқарушы органдарға тұрақты жұмысқа ауысатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аумақтық қаржы органдарының қызметкерлерін 1999 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарамағына іссапарға жіберсін. 
      2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.<*> 
      2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы органдары таратылсын.<*> 
      2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.<*> 
       Ескерту. Қаулы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР 
Үкіметінің 2000.02.07.  N 186 қаулысымен.  
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28.  N 1119 қаулысымен. 
        4. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 3-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады