Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1006. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 818 Қаулысымен

      Астана қаласы, Абай даңғылы, 57 және Бейбітшілік көшесі, 11  мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік органдарының ғимараттарын пайдалануға қабылдау үшін Қазақстан  Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мына құрамда Мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылсын:     

Шардарбеков          - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
Шәріпбек               және сауда министрлігінің Құрылыс жөніндегі
Шардарбекұлы           комитетінің төрағасы, төраға

Нұрпейісов Болат     - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Ғазизұлы               Басқарушысының орынбасары, төрағаның
                       орынбасары (келісім бойынша)

Мұсатаев Мұрат       - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
Хабдылжаппарұлы        және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Дружинин Анатолий    - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Михайлович             комитеті төрағасының орынбасары (келісім
                       бойынша)

Құлмаханов Шалбай    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                       жөніндегі агенттігінің төрағасы

Баекенов Болат       - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет
Әбдірахманұлы          қызметінің бастығы (келісім бойынша)

Ахунов Салтан        - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Талғатұлы              комитетінің жанындағы Үкіметтік байланыс
                       агенттігінің директоры (келісім бойынша)     

Коржов Андрей        - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Иванович               Басқарушысының орынбасары (келісім бойынша)

Дерновой Анатолий    - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс
Григорьевич            Басқармасы Медициналық орталығының бастығы
                       (келісім бойынша)

Галимов Фарит        - Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Хабибрахманұлы       

Бэджет Паколли       - "Мабетекс" фирмасының президенті (келісім                             бойынша)

Африм Паколли        - "Мабетекс" фирмасының вице-президенті 
                       (келісім бойынша)

Бекболатов Шәміл     - "Қазақстан жолдары" акционерлік компаниясы"
Хайроллаұлы             акционерлік қоғамының президенті (келісім                            бойынша)

Жуков Виктор         - "Қазжолқұрылыс" фирмасы" жауапкершілігі
Леонидович             шектеулі серіктестігінің бас директоры
                      (келісім бойынша)

Сақыпов Нұрлан       - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Заркешұлы              президенті (келісім бойынша)

Әшімбаев Марат       - Қазақ сейсмикалық беріктілік және
Өмірзақұлы             сәулет мемлекеттік ғылыми-зерттеу
                       және жобалау-конструкторлық институтының
                       директоры

Монтақаев Қалдыбай   - Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының
Жұмағалиұлы            төрағасы, жоғары мемлекеттік органдар
                       объектілері жобаларының бас сәулетшісі

Исмаилов Бектұр      - "Алматыгипрогор" акционерлік қоғамының
Мәлікұлы               атқарушы директоры (келісім бойынша)

      2. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдарының қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдап алу актісін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бекітуіне ұсынсын.<*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.27. N 445  қаулысымен .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          1999 жылғы 20 шілдедегі
                                             N 1006 қаулысына
                                                 қосымша     

        Астана қаласында орналасқан жоғары мемлекеттік органдар
                         объектілерінің тізбесі

      1. Абай даңғылы, 57 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараты;
      2. Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ғимараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады