Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1540. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 16 қазандағы
N 1540 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.19 N 675 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14 N 674 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттiк комиссиясының құрамы туралы Ережеде:

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiм-хаттар, не келiсiмнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.

      Келiсiмнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттiк органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.

      Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:

      түсiндiрме жазба;

      келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiмдер, не болмаса келiсiмнен дәлелдi бас тарту).

      Ескертпелерi бар келiсiм-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды.

      Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келiсiм-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi.

      16. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларын Yкiмет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжiлiстерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.03 № 1272 (2014.11.21 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады