Спорт кешенінің құрылысына қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1162

      "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне спорт

 

кешенінің құрылысын қаржыландыру үшін 1999 жылғы республикалық

бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген

қаражаттың есебінен 360 (үш жүз алпыс) млн. теңге бөлсін;



     бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз

етсін.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.12. N 1549         

              қаулысымен. 


P991549_




     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады