Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1179

      "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігін Астана қаласына орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi 687 P990687_ қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгiне қоныс аударуға байланысты шығыстарды жабу үшiн 10 млн. теңге бөлсiн;
      көрсетiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөніндегi агенттiгi осы қаулының 1-тармағына сай, тиiстi бөлiнетiн қаражатты пайдаланған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттiк бюджеттің кiрiс бөлiгін ұлғайту жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 N990005_ өкiмiн және мемлекеттiк сатып алу туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгін Астана қаласына орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi N 687 қаулысының 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады