Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияны қайтып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1187

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жамбыл облысы Шу ауданындағы Шатыргүл кен орнында пайдалы қазбалар өндіруге "Жайсаң" бірлескен кәсіпорнына бұрын 1995 жылдың 28 тамызында берілген МГ сериялы N 665 лицензиялық шарттардың бұзылуына байланысты қайтып алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы қаулының орындалуы жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады