Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Егін жинау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1203 P991203_ қаулысында:
2-тармақтың бірінші абзацы "олар бір жиынтық үшін 75000 (жетпіс бес мың) АҚШ долларына барабар бағамен, тауар түріндегі несие ретінде 7 (жеті) жыл мерзімге және 1 (бір) процент жылдық сыйақы (мүдде) ставкасымен "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына берілсін, оған" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші абзацындағы "тауар түріндегі несие"" деген сөздер "лизинг" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацындағы "тауарлық несие беру" деген сөздер "лизингке берілсін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Джон Дир" астық жинау комбайндары лизингке талап етілмеген жағдайда, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы көрсетілген комбайндармен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қызмет көрсетуді ақылы түрде жүргізсін";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы
министрлігімен бірлесіп 2000 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде
республикалық бюджеттің "Кең дала" ашық акционерлік қоғамы үшін шеккен
шығындарын өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар енгізсін".
"2-2. "Джон Дир" астық жинау комбайндарының құны десте жинауышсыз
70 000(жетпіс мың) АҚШ долларына барабар деп белгіленсін".
2) "Кең дала" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 618
қаулысында:
4-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.