Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауын қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 тамыз N 1216

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Парламентінің кезектi сайлауын тағайындау туралы" 1999 жылғы 7 шiлдедегi U990168_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сайлауды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау қомиссиясы ұсынған кестеге сәйкес, республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi сайлау учаскелерiн iркілiссiз байланыспен қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi жұмыстар жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi участкелердi күзету, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беру орындарында қоғамдық тәртiптi қолдау жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi сайлау учаскелерiнде өртке қарсы шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңдарға сәйкес депутаттыққа кандидаттардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентiне сайлауды кеңiнен көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      6. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi сайлау

 

учаскелерiн орналастыру үшiн үй-жайлар бөлу, оларды материалдық-техникалық

қамтамасыз ету, оларға көлiк, ұйымдастыру техникасын және байланыс

құралдарын бөлу мәселелерiн жеке бақылауына алсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады