Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1251. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657 , тақырыпқа өзгерту енгізілді - 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен
       Акциздік маркалардың қозғалысын, акциздердің бюджетке уақытылы және толық түсуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207 қаулысымен .

      1. Қоса беріліп отырған Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібі бекітілсін.
     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657 , 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
1999 жылғы 26 тамыздағы       
N 1251 қаулысымен         
бекітілген            

     Пайдаланушылардың назарына!

     Ескерту. 2002 жылғы 1 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 2001.11.08. N 1421 қаулысымен мынадай өзгерістер енгізілуі
қажет:
      "2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
     9-тармақта:
     1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
     "3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
     4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.".    

  Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциздік
маркалармен таңбалаудың тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтініндегі "акциздiк алым маркаларымен", "акциз алымы маркаларымен", "акциздiк алым маркаларының", "акциздік алым маркаларын", "акциз алымы маркасының", "акциз алымының маркасы", "акциз алымы маркасын" деген сөздер "акциздік маркалармен", "акциздiк маркалардың", "акциздiк маркаларды" "акциздiк марканың", "акциздiк марка", "акциздiк марканы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657 , "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн", "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiне", "акцизделетiн тауарларды", "акцизделетiн тауарлар" деген сөздер тиiсiнше "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды", "Темекi бұйымдарына", "темекi бұйымдарын", "темекi бұйымдары" деген сөздермен ауыстырылды - 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

           1. алынып тасталды
      Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1207 қаулысымен .

2. Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциздік  маркалармен таңбалаудың тәртібі

      2. Темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары) акциздiк маркалармен таңбалануға тиiс.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

       3. Темекi бұйымдарын өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған дайын өнімге акциздік марканы желімдеуді өндіріс процесінде не таңбалау үшін белгіленген технология бойынша өзінің аумағында басқа оқшау жерде жүргізеді.

      4. Еркін айналысқа арналған тауарларды шығарудың кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін  темекi бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау, заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде жүзеге асырылады.

      4-1. Банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар, конкурстық массаға енгiзiлген темекi бұйымдарын акциздiк маркалармен таңбалауды өзiнiң аумағындағы оқшауланған орында таңбалау үшiн белгiленген технология бойынша жүргiзеді.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 қаулыларымен.

      5. алынып тасталды
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      6. Мыналар:
      Қазақстан Республикасынан тысқарыға экспортталатын;
      Қазақстан Республикасының аумағына "бажсыз сауда жасайтын дүкен", "кеден қоймасы" кеден режимдерінде әкелінетін;
      жалғыз даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" және "тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету" кедендiк режимдерiнде әкелiнетiн;
      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар транзиті кеден режимінде өтетін;
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акцизсіз әкелу нормасының шектерінде жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) темекi бұйымдары акциздік маркалармен міндетті таңбалануға жатпайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.15. N 657 , 2005.05.23. N 495 қаулыларымен.

      7. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, кеден режимдерінде ресімделген және акциздік маркалармен таңбалауды көздемейтін темекi бұйымдары, Қазақстан Республикасының кеден аумағында сатылуы жағдайында бажсыз сауда жасайтын дүкендерден басқа, заңдарда белгіленген тәртіппен акцизді төлей отырып, акциздік маркалармен міндетті таңбалануға жатады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.23. N 495 қаулыларымен.

       8. алынып тасталды
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциздік маркаларды желімдеудің
тәртібі

      9. Темекі бұйымдарына акциздік маркаларды желімдеудің тәртібі.
      Қораптың аузын ашқан кезде акциз таңбасы бүлінуі тиіс.
      Акциз таңбасы былайша орналастырылады:
      1) сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы мәтін немесе үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы тиіс және орталықта орналасуы тиіс (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта). Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс;
      2) сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы марка артқы бетінде орналасуы және бұрышын жауып, қораптың бүйір бетіне өтуі тиіс. Қорапты целлофанмен қаптау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс;
      3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
      4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс;
      5) өзге де материалдан жасалған қорапта акциздiк марка қораптың артқы бетiнiң ортасында орналасуы тиiс (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғадан бiрдей аралықта). Қорапты целлофанмен орау (eгep көзделген болса) қорапқа желiмделген акциздiк марканың үстiнен жүргiзiлуi тиiс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2001.11.08. N 1421 (2002 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енедi), 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      10. алынып тасталды
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Акциз маркаларын желiмдеу кезiнде марканы тауардан бүлдiрмей алуға мүмкiндiк бермейтiн желiм пайдаланылуы тиiс.
      Акциздік марканы желiмдеуге арналған желiм оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшiн жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлi деңгейлерiне төзiмдi болуы және акциздік марканы қайталап пайдаланудың мүмкін болмауын қамтамасыз етуi тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады