"Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын рақымшылық жасалған адамдарды бейімдеу бөлігінде іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек N 1318

      "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) рақымшылық жасау бойынша босатылып тұрғылықты жерлеріне келген адамдардың тіркелуі жөнінде шаралар қолдансын, қажет болған жағдайда оларға паспорт немесе жеке куәлік алуға жәрдем көрсетсін;
      2) босатылған кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, қорғаншы және қамқоршы органдардың қадағалауына берілуін қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі рақымшылық жасалған сотталғандардың тұрғылықты жеріне дейінгі жол билеттерін алуы және жол бойында ақшамен қамтамасыз етілуі үшін "Сотталғандарды және тергеу қамауына алынған адамдарды ұстау" бағдарламасы бойынша республикалық бюджетке көзделген ақшалай қаражатты бөлсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туберкулезбен ауыратын рақымшылық жасалған адамдарды медициналық есепке қоюды, оларды тексеруді және емдеуді қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері белгіленген тәртіппен:
      1) рақымшылық жасалған адамдарды еңбекке орналастыру және тұрмыстық

 

жайластыру жөніндегі мәселелерді шешу үшін комиссия құрсын;

     2) туыстары мен жақындары жоқ мүгедектерді және қарт адамдарды арнайы

интернат-үйлерге орналастыруды қамтамасыз етсін;

     3) кәмелетке толмағандарды еңбекке және тұрмыстық жайластыруға,

қажетті жағдайларда жасөспірімдерді балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға

және өзге де оқу орындарына орналастыруға жәрдем көрсету әкімдер жанындағы

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларға жүктесін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады