Жамбыл облысының әкіміне Мойынқұм ауданындағы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек N 1343

      Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту және экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Жамбыл облысының әкіміне Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылындағы аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджетте "Кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 20 (жиырма) млн. теңге бөлсін;
      2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады