Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1440

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жекелеген жұмыс және қызмет түрлерінің рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 P990343_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 105-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жекелеген мемлекеттік ұйымдар

орындайтын салада жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметтерін

жандандыру жолымен жұмыстар мен қызметтер рыногын дамытудың қажеттілігі

туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені

қорғау жөніндегі агенттігімен келісілсін.";

     Көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы тараулармен

толықтырылсын:


             "Экологиялық сараптама саласындағы қызмет


     32. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін

қызметтер:

     жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттарына

ұсыныстарды, ескертпелер мен қорытындыларды, табиғатты пайдалану

мәселелеріне қатысы бар келісімдерді, шарттарды, халықаралықтарын қоса,

дайындау.

     33. Шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық аудит өткізу.

     34. Қоршаған орта мониторингі жөніндегі жұмыстар.


          Жылжымайтын мүлікті қайта түгендеу

               саласындағы қызмет


     35. Құрылыс салынған жер учаскелерін горизонтальды суретке түсіру:

     1) учаскедегі дала жұмыстары;

     2) сол учаске бойынша камералық жұмыстар.

     36. Құрылыс салынған жер учаскесінде ағымдағы өзгерістерді қағазға

түсіру:

     1) өзгерістерді анықтау мақсатында жер учаскелерін зерттеу;

     2) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын өлшеу;

     3) жер учаскесінің өзгерген сыртқы шекарасын камералық өңдеу;

     4) жер учаскесіндегі барлық құрылыстар мен ғимараттардың толық

бұзылуын анықтау және оны есеп-техникалық құжаттамасында көрсету.

     37. Сызу-көшіру жұмыстары.

     38. Мыналарды техникалық түгендеу және құжаттау:

     1) қосалқы жайлары бар негізгі құрылыстарды;

     2) қызметтік құрылыстар мен қора-жайларды;

     3) жүріп өту жолдарын;

     4) жағалауларды;

     5) көпірлер мен өткелдерді;

     6) жол асты құбырларын;

     7) жас көшеттерді;

     8) қалалық электр көліктерінің беріліс құрылғыларын;

     9) қалалық электр көліктерін;  

     10) су құбырлары, жылу, газ және канализация жүйелерін.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.       






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады