Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 1999-2000 жылдарға арналған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999-2000
жылдарға арналған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның
айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі бағдарламаны
кезең-кезеңмен іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 23 қыркүйектегі
N 1443 қаулысымен
бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді
және оның айналымын мемлекеттік
реттеуді күшейту жөніндегі
1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама
Атауы Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді
және оның айналымын реттеуді күшейту жөніндегі
1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің
әзірлеу туралы "Қазақстан-2030" стратегиясы және Қазақстан
шешім дамуының 1998-2000 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
"Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетті құру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.01.98 жылғы
N 38 қаулысы
Бағдарламаның Өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттік
мақсаты органдардың арасындағы өзара байланыстардың
бүкіл жүйесін тәртіпке келтіру негізінде этил
спирті мен алкоголь өнімін өндіруден және оның
айналымынан кірістердің барынша толық түсуін
қамтамасыз ету
Қазақстандық тауар өндірушілерді отандық өнімнің
сапасы мен бәсекелестік қабілетін міндетті
түрде арттыра отырып қорғау
Бағдарламаның Мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді
міндеттері шешу көзделінеді:
- этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен
оның айналымын және спирт пен алкоголь өнімін
өндірудің және сатудың баланстарының жүйелерін
жүргізудің негізінде бюджетке тиісті салықтардың
жиналуын жаппай бақылауды және ұйымдастыру
сипатындағы басқа да шараларды ұйымдастыру;
- этил спирті мен алкоголь өнімін заңды
өндірушілердің ұтымдылығы мен мүдделілігін арттыру
үшін экономикалық жағдайлар жасау және ресми емес
өндірістегі тиімділікті төмендету;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің барлық
түрлерінің өндірісін ресмилендіру;
- этил спирті мен алкоголь өнімін ресми емес өндіру
мен оның айналымына қарсы күрес;
- импортты бақылауды күшейтуді ескере отырып
алкоголь рыногын тәртіпке келтіру және
протекционистік сипаттағы шараларды қоса алғанда,
отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік қабілетін
арттыру үшін жағдайлар жасау;
- спирт пен алкоголь өнімін өндіру және оның
айналымы саласында салық және кеден саясатын
жетілдіру;
- спирт пен алкоголь өнімін өндіруді және оның
айналымын лицензиялауды қатайту, ұсақ көтерме сауда
практикасынан бас тарту және көтерме сату жөніндегі
ірі компаниялардың қызметін ынталандыру;
- бірінші кезекте спирт пен алкоголь өнімін өндіру
және оның айналымы саласындағы контрабандаға және
құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласында нормативтік
және құқықтық базаны жетілдіру;
- қажетті инфрақұрылымды, бақылау қызметтерін
ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етілуін дамыту
Бағдарламаның а) этил спиртін өндіру мен оның айналымына;
негізгі іс- б) алкоголь өнім өндіру мен оның айналымына;
шаралары в) импорты мен экспортына;
г) көтерме саудаға;
д) бөлшек саудаға бақылау және олардың баланстары
жүйесін құру;
- салық салуды жетілдіру;
- алкоголь өнімінің сапасына қойылатын талаптарды
жетілдіру;
- этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның
айналымы саласында бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың
өзара іс-қимылы және оны үйлестіру;
- нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- кадрлық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-
технологиялық қамтамасыз етуді дамыту;
- спирт пен алкоголь өнімін мемлекеттік реттеу және
бақылау жүйесінде аймақтық саясатты жетілдіру.
Қаржыландыру - Ақпараттық технологиялық қамтамасыз ету -
көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен,
халықаралық қаржы ұйымдары қаражатының және
демеушілер мен ерікті қайырымдылық қаражатының
есебінен;
Бағдарламаны Іс-шараларды орындау ресми рыноктың "көлеңкелі"
іске асырудан рынокты кезең-кезеңмен және бірте-бірте ығыстырып
күтілетін түпкі шығаруын және шығарылатын өнімнің сапасы мен
нәтиже көлеміне қатаң бақылау орнатуға қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
1. Бағдарламаның негізгі ережелері
1.1. Кіріспе
Бағдарлама негізгі басымдықтарға: әлеуметтік жағынан - алкоголь өнімін тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауға және экономикалық жағынан - бюджетке этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруден және оның айналымынан кірістердің барынша толық түсуіне және отандық тауар өндірушілерді қорғауға сүйене отырып жасалды.
1.2. Алкоголь өнімі рыногының ерекшелігі
Алкоголь өнеркәсібінің оны, сондай-ақ мемлекеттік де, сондай-ақ тұтастай алғанда қоғамдық тұрғыда да бөлекше көрсететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мүдделердің зор спектрін айқындайтын экономиканың айрықша секторы ретінде бірқатар ерекшеліктері бар. Сондықтан ол арнайы реттеуді талап етеді.
Бұл сала өзінің өніміне ішкі және сыртқы рыноктарда тұрақты сұраныстың болуын орнықты дамытуды, этил спирті мен алкоголь өнімінің қарапайым әрі арзан технологияларымен айқындалатын жоғары ұтымдылығымен сипатталады.
Алкоголь саласының жоғары кiрiстiлiгiне байланысты оның қылмыс етек алуы дәрежесi өте жоғары, және осыған орай "көлеңкелi рыноктың" үлесi де жоғары, бұл ресми өндiрiстiң көлемiне және салықтардың түсуiне жағымсыз әсер етедi. Мәселен, 1998 жылы Комитеттiң деректерi бойынша алкоголь өнiмi өндiрiсi көлемiнiң сарапшылар базалық ретiнде қабылдаған 1985 жылмен салыстырғанда, республиканың алкоголь рыногы сиымдылығын айқындау кезiнде мынаны құрады:
- арақ және ликер - арақ бұйымдары бойынша 3794,5 мың дал немесе 29,3 %
- шарап бойынша 1 1375,7 мың дал немесе 85,4 %
- шампан бойынша 354,3 мың дал немесе 86,7 %
- коньяк бойынша 97,2 мың дал немесе 50,6 %
- сыра бойынша 23095,1 мың дал немесе 73 %.
Басқаша айтқанда, импортты есепке алғанда, барлық алкогольдiң 60 %-i шамасы республикада ресми емес сипатқа ие. Бюджеттiң ликер-арақ өнiмiн көлеңкелі өндiруден және оның айналымынан акциздер бойынша шығыны 1998 жылы 3,0 млрд. теңгенi құрады (N 2-суретті қараңыз).
Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толықтыру мақсатына сүйене отырып алкоголь сусындарына жоғары салықтар белгiлеу дұрыс деп қабылданған. Бiрақ бұл мәселенi экономикалық принциптерге принциптерiнiң негiзiнде қарау салықтық түсiмдер шын мәнiнде iс жүзiнде салықтың мейлiнше төмен ставкасы кезiнде жоғары болуы (жалтару басымдығын азайту) мүмкiн.
Экономикалық тиiмдiлiк пайымдарын негiзге ала отырып алкогольдi сусындарға жоғары салықтар қысқа мерзiмдi перспективада жоғары кiрiстер беруi мүмкiн деген түйiн жасауға болады, бiрақ ресми өндiрiстiң деңгейiнiң төмендеуiне, сөйтiп осының салдарынан салық түсiмдерiнiң төмендеуiне сөзсiз алып келедi (N 1-суретті қараңыз).
Бұдан басқа жоғары салықтар қылмыстың өсуi ынталандырады, бұл өз кезегiнде құқық қорғау функцияларына қосымша шығыстарға және әлеуметтiк шығындарды ұлғайтуға алып барады.
Алкогольдi тұтыну мен денсаулықтың арасындағы байланыс күрделi. Солай дей тұра дәстүрдi және заңсыз өндiрiлген алкогольдi сусындардың сапасы мейлiнше төмен болатындығын ескере отырып, тұтынушыларды ресми берушiлерден сатып алынатын заңды рынокқа оралтуды көтермелеу қауiпсiздiк стандарттарының кейбiр кепiлдiгiн бередi.
1.3. Проблеманың жай-күйiн талдау
Қазiргi сәтте алкоголь өнiмi рыногының 66%-i көлеңкелi бизнестiң үлесiнде. Ресми емес рыноктың ресми рыноктан үстем болуының негiзгi себептерi мыналар болып табылады:
1. Ресми өнiмнiң акциз және ҚҚС түрiндегi ресми және ресми емес өнiмнiң құнының қазiргi айырмасының бiр шөлмек арақтан 43 теңгеге дейiн жетуi.
2. Спиртке акциз төлеу кезiнде айналым қаражатының бiр бөлiгiнiң алынып қойылуы.
3. Алкоголь өнiмi қозғалысының өндiрушiден түпкi тұтынушыға дейiн реттелмеушiлiгi және аралық кезеңдерге iске асыратын пәрмендi бақылаудың осының салдарынан болмауы.
4. Алкоголь өнiмiнiң контрабандасы мен жасырын өндiрiсiнiң жоғары деңгейi, нәтижесiнде оны бақылаусыз сататын орындардың орасан көп болуы (көтерме рыноктар, базарлар, ларектер, киоскiлер және т.б.).
5. Экспорттың реттелмеушiлiгi. Шекаралас мемлекеттермен және Кеден
одағына мүше елдермен жедел байланыстардың болмауы.
6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң заңсыз өндiрілгенi және оның
айналымы үшiн қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылық бөлiгiнде заң базасының
жеткілiксiздiгi.
7. Тәркiленген мүлiк және оны жою жөнiндегi материалдық қамтамасыз
ету туралы айқын ереженiң болмауы.
8. Алкоголь өнiмiн өндiру мен сату көлемдерiн есепке алудың бiрыңғай
жүйесiнiң болмауы.
N 5-суретте алкоголь рыногының бүгiнгi күнгi жай-күйi графикалық
түрде көрсетiлген.
Алкоголь рыногының объектiлерi:
1. этил спиртiн өндiру және сату;
2. алкоголь өнiмiн өндiру және сату;
3. импорт және экспорт;
4. көтерме сауда;
5. бөлшек сауда.
Алкоголь рыногы объектiлерiнің параметрлерiн бағалау:
1. Ресми және ресми емес рыноктер үлестерiнiң ара-қатынасы
(N 5-суреттi қараңыз)
Ресми рынок үлесiнiң өсуi мынадай iс-шараларды орындаудың есебiнен
болды:
1) Этил спиртi 63%:37%
- спирт өлшейтiн аппараттарды орнату (ҚРYҚ 16.06.98 ж. N 544);
- этил спиртiн сату бөлiгінде лицензиялау тәртiбiн қатайту (ҚРYҚ 16.06.98 ж. N 577 және ҚРҮҚ 19.01.99 ж N 31);
этил спиртiн өндiру мен оның айналымына декларацияларды енгiзу (Комитет төрағасының 30.06.98 ж. N 9 бұйрығы), ҚР Әділет министрлiгiнде 21.07.98 ж. тiркелген, N 539;
- импорттық этил спиртiн тек темiр жол көлiгiмен әкелу (ҚРYҚ 31.12.98 ж. N 1376);
- контрабандаға қарсы күрестi күшейту;
- РФ аумағынан этил спиртiн әкелуге уақытша шектеулер енгiзу (ҚРҮҚ 31.12.98 ж. N 1376);
- Қырғыз Республикасының аумағынан (ҚРҮҚ 05.02.99 ж. N 88), Өзбекстан Республикасының аумағынан этил спиртi әкелуге кеден баждарын арттыру (ҚРYҚ 05.02.99 ж. N 89);
2) алкоголь өнiмi 61%:39%
- алкоголь өнiмiн өндiру көлемдерiн есептеу приборларын орнату (ҚРҮҚ 16.06.98 ж. N 544);
- этил спиртiн сату бөлiгiнде лицензиялау тәртiбiн қатайту (ҚРYҚ 16.06.98 ж. N 577 және ҚРYҚ 19.01.99 ж. N 31);
- этил спиртiн өндiру мен оның айналымына декларацияларды енгiзу (Комитет төрағасының 30.06.98 ж. N 9 бұйрығы, ҚР Әдiлет министрлiгiнде
21.07 98 ж. тiркелген, N 539);
- Қырғыз Республикасының аумағынан (ҚРҮҚ 05.02.99 ж. N 88), Өзбекстан Республикасының аумағынан этил спиртiн әкелуге кеден баждарын арттыру (ҚРҮҚ 05.02.99 ж. N 89);
- алкоголь өнiмiнiң импортына квоталар бөлiну (ҚРYҚ 29.12.98 ж. N 1351);
- контрабандаға қарсы күрестi күшейту;
- лицензиясыз қызметпен айналысатын жосықсыз өндiрушiлер мен кәсiпорындарды анықтау жөнiндегi жедел жұмыс;
3) импорт 57%:43%
- этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортына лицензиялау енгiзу (ҚРYҚ 29.12.98 ж. N 1351);
- контрабандаға қарсы күрестi күшейту алкоголь өнiмiн сақтауды және көтерме сатуды лицензиялауды енгiзу (ҚРЗ 13.06.97 ж. N 121-1);
- этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің айналымына декларацияларды енгiзу;
- лицензиясыз қызметпен айналысатын кәсiпорындарды анықтау жөнiндегi жедел жұмыс;
- этил спиртiн пайдаланудың тәртiбiн енгiзу;
4) көтерме сауда: 52%:48;
- алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатуды лицензиялауды енгiзу (ҚРЗ 13.06.97 ж. N 121-1);
- этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортының көлемiн (квотасын)
орналастыруға арналған конкурстарды өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын енгізу
(04.06.98 ж. N 4 бұйрық);
- бiлiктiлiк талаптарын қатайту (ҚРYҚ 16.06.93 ж. N 577 және ҚРҮҚ
19.01.98 ж. N 31);
- 12%-тен жоғары этил спиртiнiң көлемi бар өнiмдi сатудың тәртiбiн
белгiлеу бөлiгiнде алкоголь өнiмiнiң айналымын ретке келтiру (ҚРYҚ
16.06.93 ж. N 543):
5) бөлшек сауда 44%:56%
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 16.06.98 ж. N 543 қаулысының
қабылдануы;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 16.06.98 ж. N 543 қаулысына
сәйкес алкоголь өнiмiн сату тәртiбiнiң атқарылуына бақылау жасау
жөнiндегi құқық қорғау органдарының жедел жұмысы.
2. Негiзгi iс-шаралар
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшiн және өркениеттi алкоголь
бизнесiнiң нарықтық прициптерiне басшылыкқа ала отырып бағдарламада
мынадай нақты іс-шаралар көзделiндi.
2.1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және
оның айналымын бақылау мен баланстар жүйесiн құру
2.1.1. Этил спиртiн өндiру саласында:
а) бiлiктілiк талаптары мен лицензиялау ережелерiн қатайту;
Мақсаты: өндiрiлетiн спирттiң сапасына бақылау жасауды күшейту және
этил спиртiн өндiрушiлердiң санын оңтайландыру;
б) кәсiпорындарда акциз бекеттерiн орнату;
Мақсаты: этил спиртiн өндiру және сату көлемiне бақылау жасауды
күшейту;
в) спиртке ең төменгi бағалар белгiлеу;
Мақсаты: этил спиртiн ресми емес өндiруге қарсы күрес, ресми емес
және ресми өндiрiстер өнiмiнiң бiрлiгi үшiн бағаларды теңестiру
г) спирттi өндiрудiң ең төмен көлемiн белгiлеу;
д) лицензиясыз қызметтiң жолын кесу жөнiндегi жедел жұмыс;
Мақсаты: этил спиртiн ресми емес өндiруге қарсы күрес;
е) этил спиртiн өндiрудiң және оның айналымының баланстар жүйесiн
енгiзу (N 6 суреттi қараңыз);
Мақсаты: этил спиртiнiң қозғалысын есепке алу және оған бақылау
жасау
ж) этил спиртiн босату құжатының бiрыңғай нысанын енгiзу;
(N 1-қосымшаны қараңыз)
Мақсаты: этил спиртiнiң айналымына бақылауды күшейту.
2.1.2. Алкоголь өнiмiн өндiру саласында:
а) есептеудi автоматтандыру;
Мақсаты: жедел есепке алу
б) бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережелерiн қатайту;
Мақсаты: өндiрiлетiн спирттiң сапасына бақылау жасауды күшейту және
этил спиртін өндiрушiлердiң санын оңтайландыру
в) кәсiпорындарда акциз бекеттерiн орнату;
Мақсаты: этил спиртiн өндiру және сату көлеміне бақылау жасауды
күшейту
г) алкоголь өнiмiне ең төмен бағалар белгiлеу;
Мақсаты: алкоголь өнiмiн ресми емес өндіруге қарсы күрес, ресми
емес және ресми өндiрiстер өнімінің бiрлiгi үшін бағаларды теңестiру
(N 9-кестенi қараңыз)
д) алкоголь өнiмiн босатуға арналған құжаттың бiрыңғай нысанын
енгiзу (N 1 қосымшаны қараңыз)
Мақсаты: алкоголь өнімiнiң айналысына бақылау жасауды күшейту
е) лицензиясыз қызметтiң жолын кесу жөнiндегi жедел жұмыс;
Мақсаты: алкоголь өнімiн ресми емес өндіруге қарсы күрес
ж) алкоголь өнiмiн өндiрудiң және оның айналымының баланстары
жүйесiн енгiзу (N 6 суреттi қараңыз)
Мақсаты: алкоголь өнiмiнiң қозғалысын есепке алу және бақылау,
алкоголь өнімін ресми емес өндiруге қарсы күрес.
2.1.3. Импорт саласында:
а) әкелiнген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн сақтауға арналған кеден
қоймалары мен УСҚ-лардың санын шектеу;
Мақсаты: импортталатын этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң көлемін және
сапасын бақылау
б) тәркiленген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн жоюдың тәртiбiн енгізу;
Мақсаты: отандық тұтынушы мен тауар өндірушiні қорғау
в) лицензияларды беру кезiнде этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң
сапасы мен түрлерiне қойылатын өлшемдердi қатайту;
Мақсаты: отандық тұтынушыны қорғау.
г) лицензиясыз қызметтің жолын кесу жөніндегі жедел жұмыс;
Мақсаты: контрабандаға қарсы күрес, отандық тұтынушыны қорғау
д) Кедендiк режимiндегi "еркiн қойма", "еркiн кеден" аймағында этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн орналастыру мен пайдалануға жеке тыйым салулар мен шек қоюлар енгiзу;
Мақсаты: импортталатын этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң көлемiн және сапасын бақылау.
2.1.4. Көтерме сауда саласында:
а) көтерме сауда фирмаларын бiрдейлендiрудi және құжаттың бiрыңғай
нысанын енгiзу жолымен алкоголь өнiмiн сатудың тәртiбiн белгілеу;
Мақсаты: көтерме сауда фирмаларын ретке келтiру, алкоголь өнiмiнiң
ресми емес айналымына қарсы күрес
б) жаңа үлгiдегi акциз таңбаларын мерзiмдi түрде енгiзу;
Мақсаты: алкоголь өнiмінiң ресми емес айналымына қарсы күрес
в) лицензиясыз қызметтiң және алкоголь өнiмiн iске асырудың тәртiбiн
бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi жедел жұмыс;
Мақсаты: алкоголь өнімiнiң ресми емес айналымына қарсы күрес және
көтерме сауда фирмаларын ретке келтiру
г) көтерме сауда баланстарының жүйелерiн енгiзу;
Мақсаты: алкоголь өнiмiнiң қозғалысын есепке алу және бақылау.
2.1.5. Бөлшек сауда саласында:
а) бөлшек сауданы лицензиялауды енгiзу;
Мақсаты: бөлшек сауда саласын ретке келтiру
б) бөлшек сауданың жаңа тәртiптерiн әзiрлеу және енгiзу;
Мақсаты: бөлшек сауданың нормалары мен ережелерiн айқындау
в) лицензиялық қызметтiң және бөлшек сауда тәртiбiн бұзушылықтардың
жолын кесу жөнiндегi жедел жұмыс;
Мақсаты: алкоголь өнiмiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес және бөлшек
сауда саласын ретке келтiру.
г) бөлшек саудаға баланстар жүйесiн енгiзу (N 6 суреттi қараңыз);
Мақсаты: бөлшек саудаға есеп және бақылау енгiзу
д) бөлшек саудаға бiлiктiлiк талабын дайындау;
Мақсаты: бөлшек сауда саласын тәртiпке келтiру.
2.2. Салық салуды жетiлдiру
2.2.1. Этил спиртiнiң 100 %-iн негiзге ала отырып акциз ставкаларын
есептеу;
Мақсаты: алкоголь өнiмiнiң түр-түрін кеңейтудi ынталандыру,
істі әлсiз алкогольдi сусындарды тұтыну жағынан күшейту.
2.2.2. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық алымды саралап көбейту.
Мақсаты: көтерме сауда фирмаларының санын оңтайландыру және iрi
бөлшек сауда компанияларын ынталандыру.
2.3. Алкоголь өнiмiнің сапасына қойылатын талаптарды жетiлдiру
Алкоголь өнiмiнiң жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында:
2.3.1. Республикалық дәмiн айыру комиссиясын құру;
Мақсаты: республикада өндiрілетiн және импортталатын этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасын бағалау және бiрдейлендiру
2.3.2. Технологиялық жабдықты пайдалануды регламенттейтiн өндiрудiң технологиялық паспортының жүйесiн, шикiзаттың шығынын және сапасына кепiлдiк берiлген дайын өнiмнiң шығыны нормасын әзiрлеу және енгiзу.
Мақсаты: этил спирті мен алкоголь өнiмiн өндіру жөнiндегi регламентпен нақты кәсiпорынды байланыстыру.
2.3.3. Стандарттау метрология және сертификаттау органдарының алкоголь өнiмiн өндiру, сақтау, тасымалдау, сертификаттау саласында осы саладағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен ғана нормативтiк техникалық және нормативтiк құқықтық құжаттаманы бекітуi.
Мақсаты: өнімнiң сапасын бақылау саласында бiрыңғай және дәйектi саясат жүргiзу.
2.3.4. Белгiленген кеден қоймаларында және УСҚ-ға әкелiнген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн тiркелген лабораториялардың мiндеттi түрде сертификаттауы.
Мақсаты: әкелінетін алкоголь өнiмiнiң сапасын бақылау.
2.4. Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы
саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдардың өзара iс-қимылы және оны үйлестiру
Алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсiне бақылауды тиiмдi жүзеге асыру мақсатында мыналармен үйлестiру байланысын дамыту қажет:
2.4.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен импорт, экспорт транзит бөлiгiнде;
2.4.2. Қазақстан Республикасының Салық полициясы комитетiмен, Iшкiiсминiмен және ҰҚК-мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бөлiгiнде;
2.4.3. Қазақстан Республикасының Энергетика индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiмен нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзірлеу және бекiту бөлiгiнде;
2.4.4. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiмен белгiлi бiр ақпаратты дайындау бөлiгiнде;
2.4.5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң аумақтық органдарымен акциз бекеттерiнiң қызметiн құру және электронды почта арқылы акциздердiң түсуi туралы деректер алу бөлiгiнде;
2.4.6. "ҚазАлко" Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер ассоциациясымен;
2.4.7. ДСҰ келiсiмдерiне және сауда жөнiндегi басқа да Келiсiмдерге сәйкестiкке келтiру;
2.4.8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетiмен салауатты өмiр салтын насихаттау және пациенттердi оңалтуға арналған шараларды күшейту бөлiгiнде;
2.4.9. Іс-қимылды үйлестiру және бiрлескен шешiмдер мақсатында көршiлес мемлекеттердiң тиiстi органдарымен және Кеден одағына мүше елдермен Келiсiмдер жасасу.
2.5. Кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық-технологиялық
қамтамасыз етудi дамыту
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын жан-жақты бақылауды жүзеге асыру үшiн қойылған мiндеттерге сай келетiн кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк және бұдан ешбiр кем емес ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету көзделiнедi:
2.5.1. Кадрларды даярлау жоспарында қызметкерлердi мамандандырылған оқу орындарында оқыту және бiлiктiлiгiн көтеру сондай-ақ қатаң iрiктеу өлшемдерi бойынша мамандарды тарту көзделiнедi. Таяу және алыс шет елдiң тиiстi органдарымен тәжiрибе алмасудың тұрақты ұйымдастырылған жүйесi жүргiзiледi.
2.5.2. Бағдарламаны ақпараттық-технологиялық техникалық қамтамасыз
ету Комитеттiң жанынан аймақтық қызметтермен, тиiстi министрлiктермен және
ведомстволармен байланыстағы, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және
оның айналымы рыногының барлық субъектiлерiнен жедел және ақиқат
ақпараттың
түсуiн қамтамасыз ететiн дамыған компьютерлiк желi мен байланыс арқылы
жұмыс iстейтiн "Спирт және алкоголь" автоматтандырылған деректер базасын
құруды көздейдi.
2.5.3. Алкоголь өнiмiне акциздердiң ставкаларын ғылыми-әдiстемелiк
айқындауды әзiрлеу.
2.6. Спирт пен алкоголь өнiмiнiң айналымын мемлекеттiк
реттеу мен бақылау жүйесiнде аймақтық
саясатты жетiлдiру
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi жерлерде мыналар көзделiнедi:
2.6.1. Аймақтар бойынша этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тең экономикалық және өзге де жағдайларды қамтамасыз ету ("еркiн қойма", еркiн кеден аймағы" режимiнде алкоголь өнiмiн өндiруге тиым салу және басқа да жеңiлдiктерге тиым салу);
Мақсаты: этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрушілер үшін қолайлы бәсекелестiк орта құру.
2.6.2. Алкоголь өнiмiн бөлшек сатуды дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
Мақсаты: алкоголь өнiмiнiң айналымын күшейту және контрабандаға қарсы күрес.
3. Бағдарламаны iске асырудың тетiгi
Бағдарлама көзделген iс-шараларды оны iске асыру жөнiндегi Іс-қимыл жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен орындауды, iс-шараларды өнеркәсiп өндiрiсiн көтеру және дамыту саласындағы жалпы мемлекеттiк саясатпен байланыстыруды және бюджеттiң жоғары кiрiстi болуын қамтамасыз етудi, сондай-ақ "Қазақстан-2030" Стратегиясына сәйкес әзiрленген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шараларды көздейдi.
Бұдан басқа Бағдарламаны iске асыру барысында қолданылып жүрген нормативтiк және құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, Yкiметке және қажеттiлiгiне қарай Бас Прокуратураға ұсыныстар енгiзудi көздейдi. Сондай-ақ алкоголь саласында қылмыстың кең етек алуына байланысты Қауiпсiздiк кеңесiнiң мәжiлiстерiнде ұдайы тыңдаулар жүргiзу қажет.
4. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Ақпараттық технологиялық қамтамасыз етудi қалыптастыру және дамыту бөлiгiнде (желілiк компьютерлендiру, ақпараттық қамтамасыз ету мен деректер базасын ұйымдастыру, баланстарды жүргізу үшiн арнаулы статистиканы енгiзу және т.б). Бағдарламаны қаржыландыру республикалық та және жергiлiктi бюджеттердiң де есебiнен, демеушiлер асырылатын болады.
Сондай-ақ банктердiң, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты, шетел техникалық қаражаты мен консультативтiк көмегi тартылатын болады.
5. Күтілетін нәтижелер
Күтiлетiн нәтижелердi қарау кезiнде қысқа уақыттық перспективада арақ пен ликер-арақ бұйымдарының алкоголь өнiмнiң рыногында басты және үстем өнiм болып қалатындығын ескеру керек. Сондықтан салық түсiмдерiн және ресми және ресми емес рынок көлемдерiнiң арақатынасын болжау кезiнде есеп алкоголь өнiмiнiң осы тобы бойынша жүргiзiледi.
7-11 суреттерде ұсынылған iс-шаралардың орындалуы арқасында заңды рыноктардың үлесiнiң ұлғайғаны көрсетiлген.
Бағдарламаны iске асыру мемлекеттiң тарапынан этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына, шығарылатын өнiмнiң сапасына бақылауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiк органдардың арасындағы қатынастарды, қадағалау мен бақылауды реттеуге және алкогольдiң заңды нарқын жасаудың бiрыңғай мемлекеттiк саясатының негiзiн жасауға мүмкiндiк бередi. Осыдан мынадай жәйттер туады:
- заңсыз әрекетпен күресудiң ең төменгi әдiсi - контрабандашылармен, жасырын iстейтiндердiң және т.б. алатын мүмкiн кiрiстерiн азайту;
- сапаға бақылауды қатайту отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлетiн
арттырады, тұтынушыларды қорғайды, алкогольдi терiс пайдалануға
байланысты әлеуметтiк шығындарды азайтады;
- алкоголь өнiмнiң өндiрiсiне салық ауыртпашылығын одан әрi
көбейту нарық субъектiлерiнiң бет-бағытын өзгертедi;
- этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты және өндiрiсiне акциздiк
алым ставкаларын айқындау үшiн ғылыми әдiстемелiк тәсiлдердi жасау қажет.
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
мемлекеттік реттеуді күшейтудің 1999-2000 жылдарға арналған негізгі
бағыттарын кезең-кезеңмен іске асыру
іс-шараларының тізбесі
2.1. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
бақылау мен баланстарының жүйесін құру
__________________________________________________________________________
N №Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Атқару Атқарылуына
мерзімі жауаптылар
__________________________________________________________________________
2.1.1 Этил спиртін өндіру саласында
__________________________________________________________________________
1) Этил спиртін өндіруге, Қазақстан 1999 ІІІ МКМ, АӨӨАМБК
сақтауға және сатуға Республикасы тоқсан
арналған лицензияларды Үкіметінің
беру кезінде лицензия. қаулысы
лаудың біліктілік
талаптары мен ережелерін
қатайту
2) Салық органдарының спирт Мемлекеттік 1999 мамыр МКМ, АӨӨАМБК,
зауыттарында акциздік кіріс министрі. облыстық салық
бекеттерін енгізу нің "Этил комитеттері
спирті мен
алкоголь өнімін
өндіруші ұйым.
дардағы акциз
бекеттерінің
ережесін бекіту
туралы" бұйрығы
3) Этил спиртіне ең төмен Қазақстан 1999 ІІІ МКМ, Әділетмині,
бағалар белгілеу Республикасы тоқсан Қаржымині,АӨӨАМБК,
Үкіметінің ҚРТМРжБҚА
қаулысы
4) Этил спиртінің өндірісі. Қазақстан 1999 МКМ, Әділетмині,
нің ең төменгі көлемін Республикасы ІІІ тоқсан Қаржымині, ЭИжСМ,
белгілеу Үкіметінің АӨӨМБК, ҚРТМРжБҚА
қаулысы
5) Лицензиясыз қызметтің Тексеру үнемі АӨӨАМБК
жолын кесу жөніндегі материалдары
жедел жұмыс бойынша
ұйғарымдар
6) Этил спиртін өндіру мен Мемлекеттік 1999 ІІ АӨӨАМБК
айналымының баланстары. кіріс министрі. тоқсан
ның жүйесін енгізу нің бұйрығы
7) Этил спиртін босату үшін Мемлекеттік 1999 АӨӨАМБК
бірыңғай нысандағы құ. кіріс министрі. шілде
жаттар енгізу нің бұйрығы
2.1.2. Алкоголь өнімін өндіру саласында
1) Есептеуді автоматтандыру Комитет 1999 АӨӨАМБК,
төрағасының қазан "ҚазАлкоОрт" РМК
бұйрығы
2) Этил спиртін өндіруге, Қазақстан 1999 МКМ, АӨӨАМБК
сақтауға және сатуға Республикасы шілде
арналған лицензияларды Үкіметінің
беру кезінде лицензия. қаулысы
лаудың біліктілік
талаптары мен ережелерін
қатайту
3) Салық органдарының Мемлекеттік 1999 МКМ, НК, АӨӨАМБК,
ликер-арақ бұйымдарын кіріс министрі. тамыз облыстық салық
өндіретін зауыттарда нің "Этил комитеттері
акциздік бекеттерін спирті мен
енгізу алкоголь өнімін
өндіруші ұйым.
дардағы акциз
бекеттерінің
ережесін бекіту
туралы" бұйрығы
4) Алкоголь өніміне ең Қазақстан 1999 МКМ, Әділетмині,
төмен бағалар белгілеу Республикасы ІІІ тоқсан Қаржымині,
Үкіметінің АӨӨМБК, ТМРжБҚА
қаулысы
5) Алкоголь өнімі өндірісі. Қазақстан 1999 МКМ, Әділетмині,
не ең төменгі көлемін Республикасы ІІІ тоқсан Қаржымині,
белгілеу Үкіметінің АӨӨМБК, ТМРжБҚА
қаулысы
6) Алкоголь өнімін босатуға Мемлекеттік 1999 АӨӨАМБК
арналған құжаттардың кіріс министрі. маусым
бірыңғай нысанын енгізу нің бұйрығы
7) Лицензиясыз қызметтің Тексеру мате. үнемі АӨӨАМБК
жолын кесу жөніндегі риалдары бойын.
жедел жұмыс ша ұйғарымдар
8) Алкоголь өнімін өндіру Мемлекеттік 1999 ІІ АӨӨАМБК
айналымына баланстар кіріс министрі. тоқсан
жүйесін енгізу нің бұйрығы
2.1.3. Импорт саласында
1) Алкоголь өнімі мен этил Қазақстан 1999 МКМ, АӨӨАМБК, КК,
спиртін әкелуді ретке Республикасы ІІІ тоқсан "Теміржол" РМК,
келтіру. Әкелінетін Үкіметінің "Кедентранс-сервис"
этил спирті мен алкоголь қаулысы РМК
өнімін УСҚ және ресімдеу
бойынша кеден бекеттері.
нің санын шектеу
2) Тәркіленген этил спирті Қазақстан 1999 МКМ, СПК, КК,
мен алкоголь өнімін Республикасы ІІІ АӨӨМБК, ҰҚК, ІІМ
жоюдың тәртібі Үкіметінің тоқсан
қаулысы
3) Импортқа лицензия беру Алкоголь өнімі 1999 АӨӨАМБК
кезінде этил спирті мен импортының ІІІ тоқсан
алкоголь өнімінің сапа. көлемдерін
сына және түрлеріне орналастыруға
қойылатын өлшемдерді (квоталарына)
қатайту конкурстар
өткізудің тәртібі
мен шарттары
туралы ереже
4) Лицензиясыз қызметтің Тексеру үнемі ІІМ, МКМ, СПК,
жолын кесу жөніндегі материалдары АӨӨАМБК
жедел жұмыс бойынша
ұйғарымдар
5) Кеден режимі "еркін Қазақстан 1999 МКМ, Әділетмині,
қойма", "еркін кеден Республикасы ІІ жарты АӨӨАМБК
аймағы" кеден бажы, Үкіметінің жылдық
салық және экономика. қаулысы
лық саясат шараларына
байланысты босатылатын
жеңілдіктерді алып тастау
2.1.4. Көтерме сауда саласында
1) Көтерме сауда фирмаларын Қазақстан 1999 МКМ, АӨӨАМБК
бірдейлендіруді және Республикасы ІІ жарты
бірыңғай құжаттың нысанын Үкіметінің жылдық
енгізу арқылы белгілі қаулысы
бір тәртіп орнату
2) Жаңа үлгідегі акциз Қазақстан 1999 МКМ, Әділетмині,
таңбаларын енгізу Республикасы сәуір Қаржымині,
Үкіметінің АӨӨМБК,
қаулысы
3) Лицензиясыз қызметтің Тексеру үнемі ІІМ, МКМ, СПК,
жолын кесу жөніндегі материалдары АӨӨАМБК
жедел жұмыс бойынша бұйрық-
нұсқамалар
4) Көтерме сауда баланс. Мемлекеттік 1999 АӨӨАМБК
тарының жүйелерін кіріс министр. ІІІ тоқсан
енгізу інің бұйрығы
2.1.5. Бөлшек сауда саласында
1) Бөлшек сауданы лицен. "Лицензиялау 1999 ІІІ МКМ, ӘМ, ТМРжБҚА,
зиялауды енгізу туралы" Жарлыққа тоқсан ҚМ, ЭИжСМ
өзгеріс енгізу
2) Бөлшек сауданың жаңа ЭИжСМ бұйрығы 1999 ІІ ЭИжСМ
ережелерін әзірлеу жарты
және енгізу жылдық
3) Лицензиясыз қызметтің Тексеру ұдайы ІІМ, МКМ, СПК,
жолын кесу жөніндегі материалдары АӨӨАМБК
жедел жұмыс бойынша ұйғарым
4) Бөлшек сауданың баланс. Мемлекеттік 1999 АӨӨАМБК
тар жүйесін енгізу кіріс министр. ІІІ тоқсан
інің бұйрығы
5) Бөлшек саудаға біліктілік ҚР Үкіметінің 1999 МКМ, ЭИжСМ,
талаптарын әзірлеу қаулысы ІІІ тоқсан АӨӨАМБК
2.2. Салық салуды жетілдіру
2.2.1. Этил спиртінің 100% Қазақстан 2000 МКМ, ЭИжСМ,
есептелетін алкоголь Республикасы І тоқсан Қаржымині,
өнімінің түрлері Үкіметінің АӨӨАМБК
бойынша ішкі өндіріске қаулысы
акциз алымының саралан.
ған ставкаларын енгізу
2.2.2. Қызметтің түрлері Қазақстан 1999 МКМ, ЭИжСМ,
бойынша сараланған Республикасы ІІІ тоқсан Қаржымині,
лицензиялық алымды Үкіметінің АӨӨАМБК
өсіру "ҚР Министрлер
Кабинетінің
қаулысына өзге.
рістер мен то.
лықтырулар енгізу
туралы" 16.08.1995 ж.
N 1127 қаулысы
2.3. Алкоголь өнімінің сапасына қойылатын талаптарды жетілдіру
2.3.1. Республикалық мемле. АӨӨАМБК 1999 МКМ, АӨӨАМБК,
кеттік дәмін айыру бұйрығы ІІІ тоқсан СМжСК, ЭИжСМ, ДБСМ
комиссиясын құру Денсаулық сақтау
комитеті,"ҚазАлко"
ассоциациясы
2.3.2. Этил спиртін өндіруші Қазақстан 1999 IV МКМ, АӨӨАМБК,
кәсіпорындардың тех. Республикасы тоқсан "ҚазАлкоОрталық"
нологиялық паспортын Үкіметінің РМК
енгізу қаулысы
2.3.3. Стандарттау, метро. ұдайы СМжСК, ЭИжСМ,
логия және сертификат. АӨӨАМБК
тау органдары
нормативтік техникалық
және нормативтік құқықтық
құжаттаманы АӨӨАМБК мен
келісе отырып бекітуі
2.3.4. Белгіленген кеден қой. Мемлекеттік 1999 КҚ, СМжСК, ЭИжСМ,
маларында және УСҚ-да кіріс ІҮ тоқсан АӨӨАМБК,
әкелінген этил спирті министрінің "Кедентранссервис"
мен алкоголь өнімінің бұйрығы РМК
тіркелген лабораторияның
міндетті сертификаттауы
2.4. Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы саласында
бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
және оны үйлестіру
__________________________________________________________________________
N №Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Атқару Атқарылуына
р/с мерзімі жауаптылар
__________________________________________________________________________
2.4.1.-Кеден комитетімен, Келісім 1999 ІІ МКМ, АӨӨАМБК, ЭИжСМ,
2.4.4. Салық полициясы коми. тоқсан КК, СПК, Ұлтагенттік
тетімен, Ұлттық ста.
тистика агенттігімен,
Стандарттау, метрология
және сертификаттау
жөніндегі комитетпен
өзара іс-қимыл және
ынтымақтастық туралы
келісім
2.4.11. Көршілес мемлекет. Келісім ІҮ тоқсан МКМ, СІМ, АӨӨАМБК,
тердің тиісті орган. 1999-І тоқ. КК
дарымен және Кеден сан 2000 ж.ж.
одағына мүше елдермен
Келісімдер жасасу
2.5. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
2.5.1. Алкоголь өнімін заңсыз "Қазақстан 1999 ІІ МКМ, ҰҚК, ІІМ
өндіру және оның айна. Республика. жарты
лымы үшін қылмыстық сының кейбір жылдық
және әкімшілік заң актіле.
жауаптылықты енгізу ріне өзгеріс.
тер мен толық.
тырулар енгізу
туралы" Қазақстан
Республикасының
Заңы
2.5.2. Этил спирті мен алко. "Лицензиялау 1999 ІІ МКМ, ҚМ, ӘМ, ЭИжСМ
голь өнімін өндіру туралы" жарты
және оның айналымы Президенттің жылдық
жөніндегі қызметпен Жарлығына
айналысуға арналған толықтырулар
мерзімдік лицензия. енгізу туралы
ларды енгізу Заң
2.5.3. "Алкоголь өнімінің Заң 1999 ІІ МКМ, ҚМ, ӘМ, ЭИжСМ
өндірілуі мен айна. жарты
лымы жөніндегі қыз. жылдық
метпен айналысуға
арналған мерзімдік
лицензияларды енгізу
2.6. Кадрлық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық
қамтамасыз етуді дамыту
__________________________________________________________________________
N №Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Атқару Атқарылуына
р/с мерзімі жауаптылар
__________________________________________________________________________
2.6.1. Алкоголь саласы үшін Бағдарлама 1999 ІІІ СЖжРА, МКМ, ДСжСМ,
білікті кадрларды тоқсан АӨӨАМБК, "ҚазАлко"
даярлаудың жүйесін ассоциациясы
құру
2.6.2. "Спирт және алкоголь" Арнайы 1999 ІІІ АӨӨАМБК,
бағдарламасын және бағдарламалар тоқсан "ҚазАлкоОрталық"РМК
лицензиаттар беретін блогы
мәлімдеулерді өңдеу
жөніндегі кіші бағдар.
ламаларды әзірлеу
2.6.3. Алкоголь өніміне Ақпараттық 1999 ІҮ МКМ, Қаржымині,
арналған акциздердің материалдар тоқсан ЭИжСМ
ставкаларын ғылыми
әдістемелік айқындауды
әзірлеу
2.7. Спирт пен алкоголь өнімінің айналымын мемлекеттік реттеу және
бақылау жүйесінде аймақтық саясатты жетілдіру
__________________________________________________________________________
N №Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Атқару Атқарылуына
р/с мерзімі жауаптылар
__________________________________________________________________________
2.7.1. Аймақтар бойынша Нормативтік ұдайы МКМ, АӨӨАМБК
этил спирті мен құқықтық акт
алкоголь өнімін
өндірушілер үшін
тең экономикалық
және өзге де
жағдайларды қамта.
масыз ету
2.7.2. Алкоголь өнімінің Тұжырымдама 1999 жылғы Жергілікті атқару
бөлшек сатылуының ІІІ тоқсан өкіметі органдары
дамуы жөнінде
іс-шараларды іске
асыру
МКМ - Мемлекеттік кіріс министрлігі
ӘМ - Әділет министрлігі
ЭИжСМ - Энергетика, индустрия және сауда министрлігі
СПК - Салық полициясы комитеті
КК - Кеден комитеті
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ЭИжСМ СМжСК - Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет
ДБжСМ - Денсаулық сақтау және спорт министрлігі
СЖжРА - Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік
АӨӨАМБК - Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік
бақылау жөніндегі комитет
ТМРжБҚА - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі
агенттік
Акциздер ставкалары өзгеруінің спиртке, этил спиртін, ликер-арақ
бұйымдарын өндіру көлеміне 1996-1998 ж.ж. кезеңіндегі
және 01.03.99 ж. жағдайы бойынша әсері
1 сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
_________________________________________________________________________
Өнімнің атауы Мерзімі Акциз Өнімнің Мерзімі Акциз
ставкасы атауы ставкасы
_________________________________________________________________________
Арақ 20.07.95ж. 0,7 Спирт 01.12.97ж. 0,3
(ППРК N 974 (ППРК 1644
от 14.07.95ж. от 24.11.97ж.)
Спирт -"- 3,5 Спирт 01.07.98ж. 0,3
(жеке ҚР Заңы N 225-1
өндірістегі
спирт есепке
алынбайды)
ЛАБ -"- 0,6 ЛАБ, күш 31.12.98 0,7
сус. (ППРК N1381)
Спирт (А.Ө.) 25.03.96 ж. -
арналған (ППРК N 341)
Спирттің 10.01.97 ж.
барлық (ППРК N 1747 от
31.12.96 ж.)
"ЛАБ басқаңқос." 10.01.97 ж.
Толық (ППРК N 41)
2 сурет
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндірудің 1996-1998 жылдардағы
1985 (базалық) жылмен салыстырғандағы көлемі
(қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Алкоголь рыногының жай-күйі
Қазақстан Республикасында алкоголь өнімінің түрлері бойынша
және облыстар тұрғысындағы белгіленген қуаттар
(01.01.1999 жылдағы жай-күйі бойынша)
N 1 кесте
_________________________________________________________________________
Облыстардың Өнімдердің атауы Кәсіпорындардың саны Белгіленген
атауы қуаттар
(мың.дал)
_________________________________________________________________________
Ақмола Спирт 2 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 914
Арақ және ЛАБ 4 2630
Сыра 6 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 1477,6
Ақтөбе Спирт 2 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 970
Арақ және ЛАБ 4 1902
Сыра 5 450,1
Шарап 1 28,8
Алматы Спирт 1 915
Арақ және ЛАБ 22 6894,2
Сыра 16 7227
Шарап 31 (оның ішінде 12ЛАЗ) 7313
Коньяк 2 ЛАЗ 300
Шампан 1 ЛАЗ 107
Атырау Арақ және ЛАБ 1 100
Сыра 2 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 38
Шығыс Спирт 2 ЛАЗ 1525
Қазақстан Арақ және ЛАБ 4 6627,8
Сыра 10 1028
Шарап 2 ЛАЗ 200
Жамбыл Спирт 2 ЛАЗ 2562,5
Арақ және ЛАБ 4 6260
Сыра 5 943
Батыс Қазақстан Арақ және ЛАБ 2 1400
Сыра 1 ЛАЗ 1000
Қарағанды Арақ және ЛАБ 3 1250
Сыра 3 930
Шарап 2 ЛАЗ 100
Қызылорда Арақ және ЛАБ 1 600
Сыра 1 ЛАЗ 1,5
Шарап 1 19,9
Қостанай Спирт 1 ЛАЗ 762,5
Арақ және ЛАБ 7 6065
Сыра 5 (оның ішінде 4 ЛАЗ) 2060,2
Шарап 9 (оның ішінде 4 ЛАЗ) 1783
Маңғыстау Сыра 2 160
Павлодар Спирт 1 ЛАЗ 610
Арақ және ЛАБ 3 1470
Сыра 4 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 1580
Шарап 2 ЛАЗ 340
Солтүстік Спирт 1 610
Қазақстан Арақ және ЛАБ 7 4088
Сыра 1 ЛАЗ 4000
Шарап 3 (оның ішінде 2 ЛАЗ) 370
Оңтүстік Спирт 2 ЛАЗ 854
Қазақстан Арақ және ЛАБ 7 1905
Сыра 1 7200
Шарап 15(оның ішінде 2 ЛАЗ) 10013,7
Коньяк 1 ЛАЗ 45
Қазақстан Республикасында алкоголь өнімінің түрлері
бойынша 01.01.1999 жылдағы жай-күйі бойынша
белгіленген қуаттар
2-кесте
_____________________________________________________________________
Өнім атауы Кәсіпорындардың саны Белгіленген қуаттар
(мың. дал)
_____________________________________________________________________
Этил спирті 14 (оның ішінде 10 ЛАЗ) 9751,5
Арақ және ликер- 69 41192
арақ бұйымдары
Шарап 73 (оның ішінде 28 ЛАЗ) 22111,4
Коньяк 3 (оның ішінде 3 ЛАЗ) 345
Шампан 1 (оның ішінде 1 ЛАЗ) 107
Сыра 57 (оның ішінде 10 ЛАЗ) 27152,4
Жиыны: 165 Х
3-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Этил спирті мен алкоголь өнімінің түрлері бойынша 01.01.1999
жылдағы жай-күйі бойынша белгіленген қуаттар
4-сурет
Меншік нышандары бойынша алкоголь өнімін өндіруші кәсіпорындар
01.01.1999 жылдағы жай-күйі бойынша республикада алкоголь өнімін
өндіруді жүзеге асыратын 165 кәсіпорын бар, оның 14-і спирт зауыты.
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруші кәсіпорындардың жалпы
санынан: мемлекеттің қатысуында - 38(23%) және жеке - 127 (77%)
(N 4 суретті қараңыз)
1996-1998 жылдардағы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі
(мың дал)
N 3 кесте
______________________________________________________________
Жылдар Спирт Арақ және Шарап Шампан Коньяк Сыра
ЛАБ
_______________________________________________________________
1996 2330 4885 1020 13,5 62 6372
1997 5184 9711 1104 19,5 57 6914
1998 5748,1 9167,5 1947,3 54 94,8 8517,9
5, 6-суреттерді (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
N 4 кесте
Акциздердің алкоголь өнімін өндіруден 1996-1998 жылдардағы түсуі
_________________________________________________________________________
Өнімнің 1996 1997 жыл 1998 жыл
атауы Жоспар Іс жүзінде Жоспарды Жоспар Іс жүзінде Жоспар.
орындау ды орын.
(%) дау
__________________________________________________________________________
Спирт 132,1 333 191 57,3 392 1256 320,4
Арақ және
ЛАБ 1851,5 5786 3719 64,3 5183 4221 81,4
Шарап және 295 463 208,3 45 329 229 70
ш/м
Коньяк 10,9 42 17,6 42 16 7 43,7
Шампан 44,5 73 21 28,7 56 7 12,5
Сыра 411,4 417 288,2 69,2 324 366 113
Жиыны: 2745,4 7114 4445,1 62,5 6300 6086 97
N 5 кесте
Акциздердің алкоголь өнімін өндіруден 1996-1998 жылдарда
облыстар тұрғысында түсуі
__________________________________________________________________________
Облыстардың 1996 жыл 1997 жыл 1998 жыл 97/96 өсу 97/98
атауы қарқыны
__________________________________________________________________________
Ақмола 389,9 452,9 772,6 116,2 170,5
Ақтөбе 225,1 330,8 336 146,4 101,6
Алматы 134,5 209,5 289,5 155,7 138,2
Алматы қаласы 457,7 444,3 285,9 97,1 86,6
Атырау 0,8 1,1 1,4 137,5 127,2
Шығыс 551,2 815,9 1108,3 148 135,8
Қазақстан
Жамбыл 102,8 347,2 876,4 337,7 252,4
Батыс 143,5 144,8 126,6 100,9 87,4
Қазақстан
Қарағанды 296,6 95,1 125 32,1 131,4
Қызылорда 58,5 70,2 57,8 120 82,3
Қостанай 128,3 678,7 985 528,9 145
Маңғыстау 8,7 2,2 3,9 25,3 177,3
Павлодар 34,2 296,4 253,8 866,7 85,6
Солтүстік 62,5 406,2 422,8 649,9 104,1
Қазақстан
Оңтүстік 151,1 149,8 341 99,1 227,6
Қазақстан
Жиыны: 2745,4 4445,1 6086 161,9 136,9
Алкоголь өнімімен бөлшек сауда
N 7-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Алкоголь өнімімен көтерме сауда
Арақ пен арақ-ликер бұйымдарын сатудың көлемі 1998 жылы 8,2 млн. дал
болды, бұл республиканың жалпы тұтынысының 52%-ін құрайды.
N 8-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Этил спиртін өндіру
Республикада спиртке қажеттілік 6,5 млн. далды құрайды. 1998 жылы
республикада 5,7 млн. дал спирт өндірілді, оның 4,1 млн. дал сатылды,
осылайша отандық өндірушілер өндірген спирттің айналымы жалпы республикалық
қажеттіліктің 63% құрады.
N 9-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Алкоголь өнімін өндіру
1998 жылдың қорытындысы бойынша арақ пен ликер-арақ өнімін өндірудің
көлемі 9,2 млн. дал болды, бұл республика бойынша тұтастай алғанда нақты
қажеттіліктің 61% құрайды.
N 10-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты
Республикада спиртке деген қажеттілік 6,5 млн. далды құрайды.
1998 жылы 4,1 млн. дал этил спирті пайдаланылды. 2,4 млн. дал спирт ресми
импорт пен контрабанданың есебінен толтырылды. Ал 1998 жылы республикаға
1377 мың дал этил спирті импортталды, мұнда оның ресми көлемінің деңгейі
57% болды.
N 11-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
N 12-сурет (қағаздағы нұсқадан қараңыз)
1-қосымша
Бірыңғай тауар құжатын енгізуге түсіндірме жазба
Құжаттың әр түрлі түстегі мынадай үш түрі енгізіледі:
- этил спиртін босату бойынша;
- алкоголь өнімін босату бойынша;
- алкоголь өнімін көтерме тиеп-жөнелту бойынша.
Құжатта мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Этил спирті мен алкоголь өнімін босатқаны туралы мәлімет:
- тиеліп-жөнелтілген өнімнің дал. (шөлмек) көлемі;
- Сәйкестік сертификаты (берген орган, нөмірі, берілген күні);
- мерзімі, тауар белгісін тіркеген куәліктің нөмірі;
- шыққан уақыты;
- акциздік таңбамен таңбаланғаны (нөмірі, сериясы).
2) Сатушы-ұйым туралы мәлімет:
- Сатушы ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, берілетін мекен-жайы;
- Лицензияның нөмірі, оны берген орган;
- СТН;
- Өнімнің көлемі дал (шөлмек);
- Өнімді акциздік таңбамен таңбалау (нөмірі, сериясы);
- Тиеп-жөнелтілген күні.
3) Сатып алушы ұйым туралы мәлімет:
- Сатып алушы ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, берілетін мекен-жайы;
- Лицензияның нөмірі, оны берген орган;
- СТН;
- Өнімнің көлемі дал (шөлмек);
- Өнімді акциздік таңбамен таңбалау (нөмірі, сериясы);
- Тиеп-жөнелтілген күні.
Құжатқа міндетті түрде бірдейлендіру кодының нөмірі көрсетіледі.
Бірыңғай тауар құжаты қатаң талап етілетін, есепке кіретін құжат болып
табылып, жеті мәнді нөмірдің және басқа да қорғаныш дәрежесі болуы керек.
Бірыңғай тауар құжаты алкоголь өнімінің қозғалысын, өндірілгеннен
пайдаланғанға дейінгі барлық кезеңдерін реттеуге және бақылауға арналған.
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.