Өзбекстан Республикасынан табиғи газды импорттаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қыркүйек N 1450

      Республиканың оңтүстік аймақтарын табиғи газбен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша, белгіленген тәртіппен, Өзбекстан Республикасынан импорттаушы кәсіпорындар 1999 жылғы 1-қаңтардан бастап әкелген табиғи газға есептеу әдісімен қосылған құнға салықты төлеу жөніндегі 2000 жылдың 1 қаңтарына дейінгі уақытша тәртіпті қабылдауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі белгіленген

 

тәртіппен есептеу әдісіне сәйкес көрсетілген кәсіпорындар Өзбекстан

Республикасынан импорттайтын табиғи газға жүктік кеден декларациялары мен

салықтық декларацияларды ресімдеуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады