Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 1477. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.17. N 1270 қаулысымен. ~P001270

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорны туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

 

"Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына

заңдарда белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік

кәсіпорындарын құруға рұқсат берілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                               Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                              1999 жылғы 29 қыркүйектегі N 1477

                                     қаулысына қосымша


              Қазақстан Республикасы

         Ауыл шаруашылығы министрлігінің

         "Республикалық астық сараптамасы"

       республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

         еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының

                     тізбесі


     1. "Ақтөбе астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Ақтөбе қаласы.

     2. "Шығыс-Қазақстан астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік

кәсіпорны, Өскемен қаласы.

     3. "Жамбыл астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Тараз қаласы.   

     4. "Батыс-Қазақстан астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік

кәсіпорны, Орал қаласы.

     5. "Павлодар астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Павлодар қаласы.

     6. "Қарағанды астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Қарағанды қаласы.    

     7. "Қостанай астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Қостанай қаласы.

     8. "Қызылорда астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Қызылорда қаласы.

     9. "Көкшетау астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Көкшетау қаласы.

     10. "Петропавл астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны,

Петропавл қаласы.

     11. "Оңтүстік Қазақстан астық сараптамасы" еншілес мемлекеттік

кәсіпорны, Шымкент қаласы.




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады