Кейбір аймақтық электр желісі компанияларының мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1502

      Электр желiсi компаниялары жұмысының тиiмдiлігін арттыру, электр энергиясын тұтынушыларды 1999/2000 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде электр энергиясымен үзіліссiз қамтамасыз ету, электр желiсi компанияларының жабдықтарын жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру үшiн инвестициялар мен менеджменттi тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ақтөбеэнерго" ААҚ, "Атырау АЭК" ААҚ, "Қостанай АЭК" ААҚ (бұдан әрi - АЭК) акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы, олардың жоғарыда көрсетiлген акционерлiк қоғамдар қызметiнiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi айқындаған өлшемдердi орындауын көздей отырып, тиiстi облыстардың жергiліктi атқарушы органдарына берiлсiн.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамымен ("КЕGОС" ААҚ) және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп:
      1) төлеудi 2000 жылдың 1 сәуiрiнде аяқтай отырып "Ақтөбеэнерго" ААҚ-ның "КЕGОС" ААҚ-ның алдындағы берешектерiн өтеудiң кестесiн әзiрлесiн;
      2) "КЕGОС" ААҚ-ның "Ақтөбеэнерго" ААҚ-сы төлемдердiң құрылымын айқындасын;
      3)
      ЕСКЕРТУ. 2-тармағының 3) тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
               2000.03.31. N 485 қаулысымен. P000485_
      3. Облыстардың әкiмдерi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезiнде:
      1) заңдардың талаптарын ескере отырып, акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - қоғамдар) бiрiншi басшыларын сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) келiсудi қамтамасыз етсiн;
      2) Комитетпен күн тәртiбiнiң мазмұны мен мынадай мәселелер:
      акционерлiк қоғамдардың үлгiсiн өзгерту;
      қоғамдарды ерiктi қайта ұйымдастыру және тарату;
      жарияланған жарғылық капиталды өзгерту;
      таза кiрiсте бөлудiң тәртiбi;
      қоғамға тиесiлі барлық активтердiң жиырма бес және одан астам проценттерiн құрайтын сомада активтердiң бөлiгiн немесе бiрнеше бөліктерiн беру жолымен қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның өз капиталының мөлшерiнiң жиырма бес және одан астам проценттерiн құрайтын сомаға қоғамның мiндеттемелерiн арттыру туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның жарғысына сәйкес iрi мәмiлелердi бекiту;
      қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамы мен оның өкiлеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтатуды айқындау бойынша қоғамның жалпы жиналысында қабылдау үшiн ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын алдын ала жазбаша келiссiн;
      3) Комитеттiң өкiлдерiн директорлар кеңесi мен тексеру комиссиясының құрамына енгiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 118-2, 118-3, 118-6-жолдар алынып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген АЭК-ларды 2000 жылы сату (жекешелендiру) мақсатында стратегиялық инвесторларды тарту

 

жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады