Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Ө.Балғымбаевтың
Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің міндеттерін атқаруды
тоқтатындығы туралы жазбаша мәлімдемесіне байланысты және Қазақстан
Республикасы Конституциясының
70-бабына, "Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы
етеді:
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
отставкасын қабылдауына байланысты Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды деп
саналсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.