Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің инвестициялық қорларымен ынтымақтастықты жандандырудың, басымдықты халық шаруашылығы жобаларын іске асыру үшін жеңілдікті несиелік ресурстарды тартудың және араб кәсіпкерлерінің мүддесін қолдаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 12-14 қазанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің инвестициялық қорларын үйлестіру тобының арасында "дөңгелек стол" өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі "дөңгелек столдың" отырыстарын және инвестициялық қорлар өкілдерінің жұмыс кездесулерін өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі отырыс өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіпті және "дөңгелек столға" қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Іс Басқармасы (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өтініміне сәйкес Алматы және Астана қалаларында делегация мүшелеріне көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
2) "Анкара Риджент" қонақүйінен орын алсын және "дөңгелек столдың"
ашылуының ресми рәсімін өткізу үшін конференц-залды жалға алсын;
3) Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан
салтанатты қабылдау ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қоса беріліп отырған
сметаға сәйкес республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген
қаражаттың есебінен "дөңгелек столдың" отырыстарын өткізуге арналған
шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 қазандағы
N 1533 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парсы шығанағындағы араб
мемлекеттерінің инвестициялық қорларын үйлестіру тобының арасында
"дөңгелек стол" өткізуге арналған шығыстардың сметасы
(Алматы, 1999 жылдың 12-14 қазаны)
__________________________________________________________________________
N Шығыстардың саласы Адам саны Тәулік Құны Шығыстардың жиыны
р/с саны (теңгемен)
__________________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасы 12+12 1 адамға 156,000 теңге
Үкіметінің атынан ресми 6500 теңге
қабылдау өткізуге арналған
шығыстар
2. Автокөлікті жалдау 5 делегация 4 Сағатына 700 140,000 теңге
теңге
3. Кеңсе керек-жарақтарын 3.000 теңге
сатып алу
4. Кюверткалар 20 Бір данасы 4.000 теңге
қатысушы 200 теңге
5. "Абылай" мәжіліс залын 140.000 теңге
1 күнге 80 кісі үшін
жалға алу
6. Аудармашылардың қызметі 4 Сағатына 700 140.000 теңге
теңге (тәулігіне 10
сағат деп
есептегенде)
Барлық шығыстар 583.000 теңге
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.