Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілердің алдындағы міндеттемелерін орындау, дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар бұрын берілген мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26-15/145, 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26-15/144, 1994 жылғы 10 маусымдағы N ф 22-3/40, 1995 жылғы 24 наурыздағы N ф 22-3/3/4016, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000002, 1999 жылғы 20 мамырдағы N 0000035 берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктеріне сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1,2-қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін ескере отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлесін;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылықтық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібінің бұзылу фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына берсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен заемшылардың банкроттығы рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін атқармаған тұлғаларды өзге де жауапкершілікке тартуға дейін шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен атқарылған заемшыларға қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражаттың қайтарылуы жөнінде қабылданған шаралар мен олардың нәтижелері туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 қазандағы
N 1534 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
__________________________________________________________________________
Заемшы | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
ұйым |валютасы| уақыты | сомасы | борыш
__________________|________|_____________|_______________|________________
Германия несие желісі
__________________________________________________________________________
"Ақмола Жаңа Құры.| DM | 30.06.99. | 16 190,92 | 0,00
лысиндустрия" АҚ | | | |
__________________|________|_____________|_______________|________________
Түрік несие желісі
__________________________________________________________________________
"Медеу-Эмсаш- | USD | 01.09.99 |305 866,61 | 0,00
Алатау" БК | | | |
__________________|________|_____________|_______________|________________
"Игілік" АҚ | USD | 01.09.99 |377 006,76 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
"Мақсат" АҚ | USD | 01.09.99 | 63 153,74 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
"Жеңілөнеркәсіп"АҚ| USD | 01.09.99 |595 001,60 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
Франция несие желісі
__________________________________________________________________________
"Тағам" МАК | FRF | 02.07.99. | 681,91 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
Барлығы | DM | | 16 190,92 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
| USD | | 1 041 028,71 | 0,00
__________________|________|_____________|_______________|________________
| FRF | | 681,91 |
__________________|________|_____________|_______________|________________
таблицаның жалғасы
______________________________________
Проценттер | Басқалары
__________________|___________________
16 190,92 | 0,00
__________________|___________________
305 866,61 | 0,00
__________________|___________________
377 006,76 | 0,00
__________________|___________________
63 153,74 | 0,00
__________________|___________________
595 001,60 | 0,00
__________________|___________________
00,00 | 681,91
__________________|___________________
16 190,92 | 0,00
__________________|___________________
1 041 028,71 | 0,00
__________________|___________________
0,00 | 681,91
__________________|___________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 қазандағы
N 1534 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша алдағы төлемдердің
Сомасы
__________________________________________________________________________
Заемшы | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі
ұйым |валютасы| күні | сомасы | борыш
__________________|________|_____________|_______________|________________
Германия несие желісі
__________________________________________________________________________
"Ауылшармині" АҚ | EUR | 01.10.99. | 355 474,57 |345 540,29
__________________|________|_____________|_______________|________________
"Ауылшармині" АК | EUR | 01.10.99. | 234 759,48 |228 198,77
__________________|________|_____________|_______________|________________
"Екібастұзкөмір" | EUR | 01.10.99 | 460 138,34 |392 442,08
МАҚ | | | |
__________________|________|_____________|_______________|________________
Барлығы | EUR | | 1 050 372,39 | 966 181,14
__________________|________|_____________|_______________|________________
таблицаның жалғасы
______________________________________
Проценттер | Басқалары
__________________|___________________
9 934,28 | 0,00
__________________|___________________
6 560,71 | 0,00
__________________|___________________
67 696,26 | 0,00
__________________|___________________
84 191,25 | 0,00
__________________|___________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.