Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 қазан N 1548. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат):
      2-тармақта:
      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ажар Қилымбекқызы Құзытбаева Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: 
      М.Қ.Уәйісов аталған құрамнан шығарылсын; 
      2) "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы 813  қаулысына :
      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ажар Қилымбекқызы Құзытбаева аталған қаулымен бекітілген, Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін 
      М.Қ.Уәйісов аталған құрамнан шығарылсын;
      3) "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 913  қаулысына :
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "Мерей Құрманұлы Уәйісовтың" деген сөздер "Ажар Қилымбекқызы Құзытбаеваның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады