Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде қайтадан дауыс беруді қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қазан N 1581

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде қайтадан дауыс беруді уақытылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде қайтадан дауыс беруді өткізуді қаржыландыруға 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражатты тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бойынша бөлуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комиссиясына, сайлау комиссияларына бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын заңдарда көзделген бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады