"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қазан N 1613

      1999 жылдың 29 қазанында "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары М.А.Жүзбаеваға дауыс беру және жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша қажетті құжаттарға қол қою құқығына сенімхат бере отырып, "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіруге өкілеттік берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады