Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кредиторлық берешегін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қазан N 1616

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабына және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен құрылған Комиссияның шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешегін өтеудің есебінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бюджеттік ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы 785 278 000 (жеті жүз сексен бес миллион екі жүз жетпіс сегіз мың) теңге сомасындағы кредиторлық берешегін өтеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бюджеттік ұйымдарының кредиторлық берешегін өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады