Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының кредиторлық берешегін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 28 қазан N 1617

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабына және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен құрылған Комиссияның шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешекті өтеудің есебінен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы 14 612 500 (он төрт миллион алты жүз он екі мың бес жүз) теңге сомасындағы кредиторлық берешегін өтеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының кредиторлық берешегін өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Мамандар:
      Қобдалиева Н.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады