Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қараша N 1726 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.27 № 710 Қаулысымен.

      "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     Қазақстан Республикасы сот приставтарының нысандық киімінің, ерекшелік белгілерінің сипаттамасы мен үлгілері бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшiлiгi жөнiндегі комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот приставтары үшін нысандық киім мен ерекшелік белгілерін дайындауға тапсырыстар беруді ұйымдастырсын. <*>
     Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1283 қаулысымен .
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
1999 жылғы 16 қарашадағы         
N 1726 қаулысымен            
бекітілген               

     Қазақстан Республикасының сот приставтары нысандық
               киімінің, ерекшелік белгілерінің
                   сипаттамасы мен үлгілері    

                 Сот приставының нысандық киімі

     1. Күнделікті киетін костюм
      Сот приставының күнделікті нысаны күртеден, шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, галстуктен және бас киімнен тұрады (1-қосымша).
      Ерлердің астарлы бас киімі бекітілген үлгідегі фасондық қалып бойынша қара-көк түсті матамен тысталған кепкі үлгісіндегі фетрлік қалпақтан жасалады. Төбелігінің алдында эмблема тігілген, төбеліктің томпақ бөлігінің жиектері алтынмен оқаланған. Күнқағары лакталған, қатқыл.
      Нысандық түймелері мен сырып тігілген белдікті, сыңар әдіпті ілгешегі бар, астарлы, қара-көк түсті күрте. Төсінде бедерлер мен жапсырма қалталар. Манжеттермен әдіптелген жеңдері қондырмалы, иықтарында нысандық түймеге ілінетін негізгі матадан тігілген жапсырма погондар. Сол жақ төсіне арнайы қатырмаға нөмірлік жетон ілінеді. Сол жақ жеңіне шеврон тігілген.
      Қалталары мен кең белдігі бар, балағы сыртқа жіберілетін қара-көк түсті астарлы шалбар. Жарақтық заттарды ұстап тұру үшін негізгі матадан тігілген бөлшектер үшін баулықтар мен белбеу бар. Шалбардың белбеу жарақтары үшін негізгі матадан тігілген тартпа түріндегі алынбалы қосымша асынғышы бар.
      Жейде қара-көк түсті белгіленген үлгідегі жүн аралас матадан тігіледі. Ұзын қондырма жеңді, классикалық пішімдегі ышқырланатын жейде. Төсінде бедерлі әрі жапсырма қалталар. Жағасы тік қиылған және жатық қайырмалы. Ілгешегі қапсырмалы. Сол жақ төсіндегі арнайы қатырмаға нөмірлік жетон тағылады. Сол жақ жеңіне шеврон тігілген. Жейденің иықтарында негізгі матадан тігілген, нысандық түймелерге ілінетін жапсырма погондар.
      Сот приставының нысандық киімі галстукты қысқа жеңді классикалық ақ жейде, сыртынан көйлектің бір түрін киіп жүруді көздейді.
      Белгіленген үлгідегі, жібек твидтен жасалған, резеңке баулы қара-көк түсті галстук.
      Сот приставының ерлерге арналған жаздық киім нысаны тығыз мақта матадан денеге қонымды етіп сырма манетжеттен көмкерілген қысқа жеңдері бар, жаздық күртемен толықтырылған. Тік қиылған жаға мен жатық қайырма. Кеудесінде жапсырма қалталар, Сол жақ кеудесіндегі арнайы қатырмаға нөмірлік жетон тағылады. Сол жақ жеңіне шеврон тігілген. Күртенің иықтарында нысандық түймеге ілінетін негізгі матадан жасалатын погондар. (2-қосымша).
      2. Қыстық жиынтық
      Сот приставының ерлерге арналған қыстық киім нысаны жылы күртеден, мойын орағыштан және қыстық бас киімнен тұратын жиынтықты құрайды (3-қосымша).
      Белгіленген үлгідегі қара-көк түсті су жұқтырмайтын сіңдірмелі полиэстерлі мақта-матадан тігілген күрте. Күрте тік сұлбалы, ұзын. Жеңдері жейденің пішімінде. Ілгешегі көрінбейтін, сыңар әдіпті түймелік. Инішті жауырынында тігінен жүргізілген екі жолағы бар. Төсінде бедерлер, төс қалталар және негізгі матадан жасалған баулықты қақпақтары бар арнайы қалталар. Сол жақ кеудесіндегі арнайы қатырмаға нөмірлік жетон тағылады. Сол жақ жеңіне шеврон тігілген. Күртенің кеңдігі төменгі бүрмеде бүгілген бауды байлаумен реттеледі. Иықтарында нысандық түймелерге ілінетін негізгі матадан тігілген жапсырма погондар.
      Жылы болуы үшін қырықпа елтіріден тігілген жағалы, мақта матадан белгіленген үлгідегі қара-көк түсті сырылған астарлық дайындалады. Астарлықтың жеңінің төменгі жағы белгіленген үлгідегі қара түсті тоқыма манжетпен көмкерілген.
      Мойын орағыш белгіленген үлгідегі көгілдір немесе қара-көк түсті жүн аралас жіптен тоқылады.
      Қара түсті қырықпа елтіріден жасалатын құлақшын-берік түріндегі бас киім белгіленген үлгі пішініндегі қалып бойынша тігіледі. Төбелігінің маңдайшысына эмблема бекітіледі, төбелігінің томпақ жиегінің алды алтынмен оқаланған. Шеттегі алтын жіпті бау түрінде. Күнқағары лакталған, қатқыл. Құлақшын жібек астармен сырылған мақталықпен жылытылған.

      Сот приставтарының ерекшелік белгілері

      Жетондар мен жеңдегі белгілер (шеврондар) сот приставтарының Қазақстан Республикасының сот төрелігі органдарына жататын және олардың қызметтік өзгешеліктерін анықтауға арналған (4-қосымша).
      Қазақстан Республикасы сот приставтарының эмблемалы жетоны: төске тағылатын жетон, жеке бастың куәлігімен арнайы қобдиша-портмонеге бекітілген жетон: арнайы астарға баумен бекітілген, мойынға асынатын шынжырбаулы арнайы астарға бекітілген жетон сияқты тиісті нысанды киіп жүруге арналған.
      Қазақстан Республикасы сот приставтарының эмблемалы төс жетоны күртенің (пенжактың, жейденің) алғы сол жағында, жапсырмалы немесе ойық қалталардың үстіне орналастырылады.
      Сот приставтарының көлемі 94Х67 мм, пішіні сопақша нысанды төс жетоны алтындалған металл құймадан жасалады. Белгінің ортасында, диаметрі 30 мм, көгілдір шеңберде Қазақстан Республикасы сот төрелігі органдарының эмблемасы - шаңырақ және сәнделген жапырақтар өрімімен көмкерілген көк түсті шеңбердегі таразы, оның астында алтын түстес қалықтаған бүркіт. Эмблеманы көмкерген, диаметрі 41 мм, көк түсті сыртқы шеңбердің жоғары жағында - Қазақстан Республикасы деген алтын түстес жазу. Эмблеманың үстінде және астында "Сот приставы" деген жазулы жапсырмалы металл таспаша. Төменгі кішкене таспашада төрттаңбалы жеке нөмір. Жетонның аясы Мемлекеттік геральдикада қолданылатын ұлттық оюмен өрнектелген. Төс бөлігінің ілгешегі түрлі нұсқаларда жасалады.
      Сот приставының жеңдегі белгісі (шеврон) дөңгелек нысанды болады, шеңберінің диаметрі 80 мм, тоқу әдісімен жасалады (5-қосымша). Шеңбердің ортасында, көгілдір фонда Қазақстан Республикасы сот төрелігі органдарының эмблемасы - шаңырақ және сәнделген жапырақтардың өрімімен көмкерілген көк түсті шеңбердегі таразы, оның астында - алтын түстес қалықтаған бүркіт. Шие түсті шеңбердің сыртқы бойының жоғары жағында - Қазақстан Республикасы, төмен жағында - Сот приставы деген жазулар жазылған.
      Жеңдегі белгі күртенің, қысқа және ұзын жеңді жейденің сол жеңінің сыртынан, жеңінің жоғарғы нүктесінен 12 см қашықтықта тігіледі.
      Қазақстан Республикасы сот төрелігі органдары эмблемасы бейнеленген сырт киімдерінің түймелері киімнің нысанына байланысты күміс түсті металдан жасалады. Түймелердің диаметрі пенжактардың, күртелердің пальтолардың жеңдері, погондар, нысанды құлақшындар үшін 18 мм (6-қосымша).
     Нысанды құлақшынға (кепкіге) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі кестеленеді, диаметрі 50 х 52 мм. Елтаңба тоқу немесе кестелеу әдісімен жасалады.
      Ескерту. 4-абзацқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1283 қаулысымен .     

1 Қосымша     

     Сот приставының күнделікті нысандық киімі    

     (қағаздағы суреттерге қараңыз)    

     Сот приставының күнделікті нысандық киімі    

     Күртке, шалбар, жейде, галстук, бас киім

     2 Қосымша      

     Сот приставының жаздық күнделікті нысандық киімі    

     Жаздық күртке, шалбар, галстук, бас киім    

3 Қосымша      

     Сот приставының қыстық күнделікті нысандық киімі    

     Алынбалы астарлы және жағалы күртке, мойын орағыш, құлақшын-бөрік

4 Қосымша

           Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1283 қаулысымен . (жетон сызбасын қағаздағы нұсқадан қараңыз)

     Сот приставының атаулы жетоны 

5 Қосымша   

     Сот приставының жеңдік белгісі    

6 Қосымша   

     Сот приставының нысандық киіміне арналған түйме    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады