Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1283 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.27 № 710 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiн таратудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегі N 494 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Сот приставтарының нысандық киiмi мен ерекшелiк белгiлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшiлiгi жөнiндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының cот приставтары нысандық киiмiнiң ерекшелiк белгілерiнiң сипаттамасы мен үлгілерiнде:
      "Сот приставтарының ерекшелiк белгілері деген бөлiмде:
      төртіншi абзацтағы шеңбердiң төменгі жағында - ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛІГІ деген алтын түстес жазу" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 22 желтоқсандағы 
N 1283 қаулысына       
қосымша         

      4-қосымша       

Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

Сот приставының атаулы жетоны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады