Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігі жағдайын зерделеу және оны жақсарту жөнінде қажетті ұсыныстар дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына құрамда Ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Ахметов Даниял - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кенжетайұлы Министрінің орынбасары, жетекші
Бүркітбаев Серік - Қазақстан Республикасының Көлік
Мінуарұлы және коммуникациялар министрі,
жетекшінің орынбасары
Серік Нұртайұлы - Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Баймағамбетов меңгерушісінің орынбасары<*>
Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасының Әділет
Құрманұлы вице-министрі
Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасының ҰҚК
Ысқақұлы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Константинов - Қазақстан Республикасы Бас
Анатолий прокурорының орынбасары
Васильевич (келісім бойынша)
Еркімбаев Сейілбек - Қазақстан Республикасы Көлік
Өмірбекұлы және коммуникациялар министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті төрағасының
орынбасары
Алдамжаров - Азаматтық авиация академиясының
Қазыбек ректоры
Бахитұлы
Етекбай Ербол - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның президенті
Ғабдуәліұлы (келісім бойынша)
Құлназаров Сергей - "Қараэронавигация" РМК-нің директоры
Дабысұлы
Куропатенко - Қазақстан Республикасы Авиатасы-
Владимир малдаушылары ассоциациясының
Васильевич төрағасы (келісім бойынша)
Мацук Виктор - Алматы техникалық қызмет көрсету
Дмитриевич және техникаларды жөндеу
орталығының (АТҚжТЖО)
бас инженері
Ефремов Юрий - "Вега" авиакомпаниясының инспекция
Иванович бастығы (келісім бойынша)
Акмұқанов Нұрлан - "Азамат" авиакомпаниясының
Күмісұлы президенті (келісім бойынша)
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.23. N 1771 қаулысымен .
2. Ведомствоаралық комиссия жұмыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс табыс етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі