Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 және 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қараша N 1775

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 P991522_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IҮ "Шығыстар" бөлiмiнде:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық топтың 2 "Байланыстар жүйесi" iшкi функциясындағы "215 Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi" деген сөздер "611 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі" мемлекеттiк мекемесi деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына:
      аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде:
      215 "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi" мекемесi бойынша:
      32 "Арнайы байланыспен қамтамасыз ету" бағдарламасы алынып тасталсын;
      30 "Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет" кiшi бағдарламасы алынып тасталсын;
      610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "611. "Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі, 32 "Арнаулы байланысты қамтамасыз ету" бағдарламасы, 30 "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" кіші бағдарламасы";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды

орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға 
сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің 
тізбесінде:
     "10 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:     
     "10 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі 
агенттігі".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады