Қазақстан халықтары Ассамблеясының VI сессиясын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 қараша N 1796

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының алтыншы сессиясын шақыру туралы" 1999 жылғы 9 қарашадағы N 92 өкімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 1999 жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының ҮІ сессиясын өткізуді ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан халықтары Ассамблеясының VI сессиясын өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері өз

 

өкілдерінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының ҮІ сессиясының жұмысына

қатысуын қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады