Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 359 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу және 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1044 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1831

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 359 P990359_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бір орынбасарына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісіне, Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығына, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің меңгерушісіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының төрт орынбасарына, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығына, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысына, Жалпы мақсаттағы күштердің қолбасшысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директорына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ішкі істер бірінші вице-министріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасына шығыстардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдарға ай сайын белгіленген лимиттің шегінде ұялы байланысты пайдалану құқығы берілсін.";

 

     3-тармақтағы "қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді" деген сөз

"және 1999 жылдың 31 желтоқсанында күші жойылады" деген сөздермен

толықтырылсын.

     2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 359

қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999

жылғы 23 шілдедегі N 1044 


P991044_


  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады