"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1846

      "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының республикалық бюджеттің алдындағы герман несие желісі бойынша берешектері мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп:
      1) 1998 жылғы 21 тамыздағы N 16-18/003-006 несиелік шартты мынадай талаптар бойынша қайта жасасын:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін герман несие желісі бойынша кредитор деп белгілеу;
      сыйақының (мүдденің) жылдық 10 процент ставкасымен;
      2001 жылдың 31 желтоқсанына дейін несиені өтеу мерзімімен;
      6,8 миллион неміс маркасы мөлшерінде өтеуді 2000 жылдың 31 наурызына дейін жүзеге асыру;
      18 миллион неміс маркасы мөлшеріндегі қалдықтың сомасын өтеуді, қоса беріліп отырған, қайта жасалған Несиелік шарттың кестесіне сәйкес 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру;
      2) "HERMES" герман экспорттық-несиелік агенттігімен

 

Ausfuhrkredit-Gesellschaft MBH және Kreditanastalt fur Wiederauhaft

банктермен жолаушылар вагондарын сатып алу жөніндегі герман несиесін қайта

құрылымдау жөнінде келіссөздер жүргізсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады