Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 желтоқсан N 1867. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N  569  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
     көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ережеде:
     37-тармақтағы "негіздемелер жеткілікті болған" деген сөздер "тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады