Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 желтоқсан N 1881


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылғы 17 маусымда Бухарест қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметінің арасындағы Өсімдіктер 
карантині саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
    
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
         Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Румыния Yкiметi 
             арасындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы 
                           ынтымақтастық туралы 
                                КОНВЕНЦИЯ 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 9-құжат)
     (2000 жылғы 25 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 94 бет) 
     


      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi және Румыния Yкiметi екi елдiң аумағына карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiктердiң ауруын және арамшөптердiң әкелiнуi мен таралуын болдырмау мақсатында, карантинге алынған материалдарды айырбастау мен сауда барысында тиiмдi бақылаудың қажеттiгiнен және өсiмдiктер карантинi саласында ынтымақтастыққа ұмтыла отырып төмендегi жөнiнде келiстi:

                              1-бап

      Осы Конвенцияда пайдаланылатын негiзгi терминдер:
      өсiмдiктер - тiрi өсiмдiктер және олардың бөлшектерi, оның iшiнде тұқымдық материал қоса;
      өсiмдiктер өнiмi - карантиндiк организмдердi жұқтырушы болуы мүмкiн

өсiмдiк тектес өнiмдер және қайта өңделген өнiмдер;
     объект - карантиндiк организмдердi жұқтырушы болуы мүмкiн өсiмдiк 
тектес емес басқа материалдар;
     фитосанитариялық бақылау - өсiмдiктерде, өсiмдiктер өнiмдерiнде және 
көлiк құралдарында карантиндiк организмдердiң барын немесе жоғын 
тексеретiн iс-қимыл;
     карантиндiк организмдер - мемлекеттердiң ұлттық экономикаларына 
потенциалды қауiп түсiретiн зиянды организмдер.
                             2-бап
     Конвенциямен белгiленген ынтымақтастық әр Тараптардың мемлекеттерiнде 
күшi бар нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жасалады.
                             3-бап
     Осы Конвенцияның орындалуына Тараптардың үйлестiрушi және жауапты 
құзырлы органдары мыналар болып табылады:
     - Қазақстан тарабынан: Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
     - Румыния тарабынан: Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi.
                             4-бап


      Тараптар бiр Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына карантиндiк организмдердiң әкелуiн болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды жасауға мiндеттенедi.
      Карантиндiк организмдердiң 1 және 2-қосымшаларындағы (Қазақстан Республикасының карантиндiк организмдерiнiң тiзiмi) және 3 және 4-қосымшаларындағы (Румыния карантиндiк организмдерiнiң тiзiмi) көрсетiлген тiзiмдер осы Конвенцияның құрама бөлiмi болып табылады.
      Тараптардың құзырлы органдары карантиндiк организмдер тiзiмiн толықтырып, өзгерте алады. Тараптардың құзырлы органдары өзгерiстер мен толықтырулар туралы өзара дипломатиялық жолмен хабарланады.

                               5-бап

      Тараптардың құзырлы органдары карантиндiк өнiмдердi тасымалдағанда және сақтағанда ауыл және орман шаруашылығына қауiп болуы мүмкiн карантиндiк организмдердiң барын немесе жоғын анықтау мақсатында зерттеу жүргiзедi.

                               6-бап

      Карантиндiк организмдердi бiр Тараптың аумағына енгiзбеу және таратпау мақсатында өсiмдiктердi және өсiмдiктер өнiмдерiн экспорт жасағанда оларға импорт жасаушы елдiң құзырлы органдары берген осы Конвенцияның N 5 қосымшасындағы нысан бойынша фитосанитариялық сертификаты болу керек. Фитосанитариялық сертификат көлiк құралдары, өсiмдiктер немесе өсiмдiктердiң өнiмдерi қолданылып жүрген әдiстеме мен ереже бойынша зерттелген және карантиндiк организмдерден бос, импорт жасаушы елдiң фитосанитариялық ережесiне сәйкес екенiн куәландырады.
      Өсiмдiктер өнiмiн реэкспорт жасағанда сертификатта оның алғашқы шыққан елi көрсетiледi. Карантиндiк өнiмдi тасымалдауға пайдаланылатын құралдар басқа Тараптың аумағында фитосанитариялық бақылауға жатады. Олар ұқыпты тазартылып, қажеттi жағдайда залалсыздандырылуы керек.

                                7-бап

      Әр Тараптардың ережелерiне және нұсқауларына сәйкес өсiмдiктер,

өсiмдiктер өнiмi, буып-түю материалдары, тасымалдау құралдары 
фитосанитариялық бақылауға жатады. Құзырлы органдардың өсiмдiктер өнiмiн 
тексерудегi, фитосанитариялық сертификаттар мен карантиндiк рұқсаттама 
беру шығындарын Тараптардың тарифы бойынша жүк иелерi төлейдi.
                               8-бап
     Фитосанитариялық сертификаттың бар болуы импорт жасаушы елде 
фитосанитариялық зерттеу және тиiстi шаралар қолданылудың мүмкiндiгiн 
жоққа шығармайды (енгiзудi тоқтату, залалсыздандыру, жою және т.б.)
                               9-бап
     Карантиндiк организмдер табылған немесе фитосанитариялық талаптарды 
бұзған фактiлер болған жағдайда экспорт жасаушы елдiң құзырлы органы осы 
жөнiнде импорт жасаушы елдiң құзырлы органына жедел хабарлауы тиiс.
                               10-бап
     Тараптар карантиндiк және өте қауiптi организмдердi болдырмау 
мақсатында:
     - өсiмдiктердi және өсiмдiктер өнiмiн импорт жасау бойынша шектеу 
немесе қосымша шарт енгiзуге;
     - өсiмдiктердi және өсiмдiктер өнiмiн импорт жасауға тыйым салуға 
құқылы.
                               11-бап
     Тараптар топырақты (шым тезектi қоспағанда), топырағымен тамырланған 
тiрi өсiмдiктердi импорт жасауға, шөптi, сабанды, ағаштың ұнтағын буып-түю 
материалдары үшiн пайдалануға тыйым салады.
                               12-бап
     Осы Конвенцияның шарттары Тараптардың дипломатиялық өкiлдiктерiне 
арналған өсiмдiктерге және өсiмдiктердiң өнiмдерiне таралады.
                               13-бап


      Тараптар өсiмдiктердi және өсiмдiктер өнiмдерiн импорт, экспорт және транзит жасау үшiн өз аумақтарында шекаралық пункттердi (автомобиль, темiржол, теңiз және әуе жай) анықтайды.

                                14-бап

      Тараптар өсiмдiктер карантинi саласында ынтымақтастықтың қажеттiлiгiн

және әдiстер мен құралдарды унификациялаудың мүмкiндiгiн бiлдiре отырып, 
осындай ынтымақтастыққа егiндердiң және ормандардың фитосанитариялық 
жағдайы туралы мәлiмет, өсiмдiктер карантинi бойынша заңдылық актiлерiмен, 
ғылыми бiлiммен және тәжiрибемен алмасу жолымен ықпал етедi.
                               15-бап
     Тараптар бiрiн-бiрi карантиндiк организмдердiң пайда болуы немесе 
таралуы туралы хабарлама жасайды және де, Тараптардың бiрде-бiреуi алған 
хабарламаны үшiншi тарапқа бере алмайды.
                               16-бап
     Тараптар қажет болған жағдайда осы Конвенцияға байланысты мәселелердi 
шешу үшiн бiрлескен кездесулердi ұйымдастырады. Кездесулер өткiзуге 
байланысты шығыстарды әрбiр Тараптар дербес түрде көтередi.
                               17-бап


      Тараптар сауданы дамыту мақсатында, экспорт жасаушы елдiң аумағында

өсiмдiктер өнiмдерi енгiзiлетiн мемлекеттiң карантиндiк ережелерiн қолдана 
отырып, фитосанитариялық бақылау жүргiзу туралы мәселелердi шешедi.
     Бақылау жүргiзудiң орны және уақыты Тараптармен алдын ала ескерiледi.
                               18-бап
     Осы Конвенцияны түсiндiру немесе орындау бойынша пiкiр алшақтығы 
туған жағдайда Тараптар оларды тiкелей келiссөздер арқылы, кеңесiп шешедi. 
Егерде олардың қорытындысы бойынша Тараптар келiсiмге келмесе, даулы 
мәселелердiң шешiлуi дипломатиялық жолдармен жүргiзiледi.
                               19-бап
     Осы Конвенцияның ережелерi Тараптардың басқа да екiжақты немесе 
көпжақты халықаралық келiсiмдерiнен туындайтын мiндеттерiн қозғамайды.
                               20-бап


      Осы Конвенция 5 жыл мерзiмге жасалған және оның күшi келесi 5 жылға автоматты түрде созылады, егер де Тараптардың қайсыбiрi Конвенцияны бұзу туралы өзiнiң ниетiн жазбаша түрде кезектi бес жылдың мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 6 ай бұрын хабарламаса.

                                21-бап

      Осы Конвенция 5 жыл мерзiмге жасалған және оның күшi келесi 5 жылға автоматты түрде созылады, егер де Тараптардың қайсыбiрi Конвенцияны бұзу туралы өзiнiң ниетiн жазбаша түрде кезектi бес жылдың мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 6 ай бұрын хабарламаса.

     Бухарест қаласында, 1999 жылғы 17 маусымда екi түпнұсқадағы данада, 
әрқайсысы қазақ, румын және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық 
түпнұсқадағы даналар бiрдей күшке ие. 
     Осы Конвенцияның ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған 
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады