Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 желтоқсан N 1964

      Мемлекеттiк ресурстарға сатып алынатын астық үшiн есеп айырысуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк ресурстардағы және резервтегi астықты пайдалану тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 P991506_ қаулысында:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 және "1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiндегi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотына қайтарымды негiзде жiберiлсiн.";
      2) "1999 жылғы егіннің астығын сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қазандағы N 1612 P991612_ қаулысында:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Астана қаласындағы қалалық аумақтық Қазынашылық басқармасындағы "Эскроу" арнаулы есеп шотына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" 
жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын.
     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
              қаулысымен. 

P010394_

 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     

  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады