1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуды қаржылық реттеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қазан N 1612

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ және "Мемлекеттік астық ресурсын және резервін пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 P991506_ қаулыларына сәйкес астықты мемлекеттік сатып алуға бағытталған ақшаны жинақтауды және оның пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотына: <*>
      екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамынан соңғысы 1998 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуға алған 41 887 801 (қырық бір миллион сегіз жүз сексен жеті мың сегіз жүз бір) АҚШ долларын 1999 жылдың 5 қарашасына дейін;
      екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамынан белгіленген мерзімде түсуі күтіліп отырған 10 097 375 (он миллион тоқсан жеті мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ долларын оның өтелуіне қарай бір банктік күннің ішінде аударсын;
      2) заңдарда белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының ақшаны уақытылы қайтаруы жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 1-тармақтың 1) тармақшасы өзгерді - ҚР Үкіметінің
               1999.12.23. N 1964 қаулысымен. P991964_
      2. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы үш банктік күннің ішінде, 1998 жылы астықтың мемлекеттік ресурстарын сатудан түскен 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы ақшаны, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан алынған 254 233 (екі жүз елу төрт мың екі жүз отыз үш) АҚШ доллары сомасындағы оларға есептелінген сыйақыны (мүддені) осы қаулы күшіне енген күннен бастап Эскроу шотына аударсын.
      3. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ "сондай-ақ астықтың мемлекеттік резервінің ақшалай нысанда сақталатын бөлігі ретіндегі 9 110 784 (тоғыз миллион жүз он мың жеті жүз сексен төрт) АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың есебінен" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының

кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 
мамырдағы N 656  

P990656_

  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады