Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы N 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 желтоқсан N 1965

      Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің әкімшілік шығыстарын қысқарту және кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 N990005_ өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласында "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті және "Транзит" халықаралық көрмесі бойынша халықаралық конференция ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы N 1418 P971418_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 420-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы "Алматы қаласында" деген сөздер "Астана қаласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті жөніндегі халықаралық конференцияны Астана қаласында екі жылда бір рет және "Транзит" халықаралық көрмесін Астана қаласында жыл сайын өткізу туралы ұсынысы қабылдансын;
      2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген сөздермен, "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздермен, "Мемлекеттік кеден комитетінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің" деген сөздермен, "Алматы қаласы әкімі аппаратының" деген сөздер "Астана қаласы әкімі аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

     3-тармақта:

     екінші абзацтағы "1998 жылы Алматы қаласында және" деген сөздер

"Астана қаласында" деген сөздермен ауыстырылсын;

     үшінші абзацтағы "Ақпараттық тұсаукесер орталығына жүктелсін" деген

сөздер "Ақпараттық тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнына жүктелсін" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады