Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 желтоқсан N 1988. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.03. N 1025 қаулысымен. ~P011025

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
      2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға және 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көлденең шығындарға арналған қаражатының есебінен Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 7250 (жеті мың екі жүз елу) мың теңге бөлсін.

 

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.05. 

              N 172 қаулысымен. 


P000172_



     3. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске

асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

     4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 мамырдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106-а-1-жолмен

толықтырылсын:

      "106-а-1."Халықаралық көрмелер дирекциясы"

               республикалық мемлекеттік

               кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

               құқығында)                         Астана қаласы".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады