Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсан N 1994 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) бойынша өсімдіктер мен жануарлар дүниесі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) бөлігінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган;

      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Конвенция бойынша балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.02.2024 № 68 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін.

      3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:

      1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Зоология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша – "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2013 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2020 № 37; 05.02.2024 № 68 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады