Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі N 1468 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 желтоқсан N 2009

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1468 P991468_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтағы "деректердің" деген сөздің алдынан "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі - ЗТМО)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

министрлігі ЗТМО-мен орталықтандырылған деректер базасын құру жөніндегі

мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасассын".

     Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЗТМО-ның

орталықтандырылған деректер базасын құру үшін қажетті қосымша жабдықтар

сатып алуды жүзеге асырсын".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.         







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады