Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1468

      Зейнетақыларды, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегі жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнеткерлер және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасын жасау жөнiндегі ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі - ЗТМО) деректердiң орталықтандырылған базасын құру үшiн республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен 90702000 (тоқсан миллион жетi жүз екi мың) теңге бөлсiн және бөлiнетiн қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2009
               қаулысымен. P992009_
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364
               қаулысымен. P000364_
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЗТМО-мен орталықтандырылған деректер базасын құру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасассын.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЗТМО-ның

 

орталықтандырылған деректер базасын құру үшін қажетті қосымша жабдықтар

сатып алуды жүзеге асырсын.



     Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2009 

              қаулысымен. 


P992009_
 


     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады